Советқазы Нұрсила: ТІЛДІҢ ТЕКСІЗДЕНУ немесе ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ ДИЛЕММА

Қазақ тілі - қандай тіл? - деген ой ұлтын, елін, жерін сүйетін азаматтарды ойландырмай қоймайтыны хақ!!! Баланың тілі басқа тілде шықса, ол тіл дамымайтын көрінеді. Оған дәлел, Данияда тұратын Хажыәкбар Аюбимен жиі хабарласып тұрамын. Міне қызық, дат тілін қазақша тілі шыққан қазақтар акцентсіз сөйлейді екен. Орысша тілі шыққан қазақтардың акценті білініп тұрады дейді...

Германияның Кельн қаласында тұратын Г. Абашин деген досым да, қазақша тілі шыққан қазақтар неміс тілін акцентсіз сөйлейді дегенді Астанада болғанда айтты...

Гуанжоуда тұрған Дәурен де Қазақстанда қазақша тілі шыққан жастар, қытай, ағылшын тілінде таза сөйлейді дегенді айтып еді...

Оның белгілі бір ғылыми тұжырымдамасы болмаса да, қазақ тіліндегі Ө, Ә, Ң, әріптерінің басқа тілдегі кедергілерді тез жеңетін сияқты. Расында, ширек ғасырдан артық егемендік алсақ та, мемлекеттік мекемелер, парламент, билік қазақша сөйлей алмай жатқаны елдігімізге сын!!! Тіл тексізденсе, ұлттық құндылықтар да, ұлттық идея да бұлыңғыр болатыны белгілі... Отарсыздану болмаған жерде сананың сансырауы жалғаса береді... Атам қазақ: - Балық басынан шіриді, Бұлақ басынан тұниды, -дегенді бекер айтпаса керек! Қазақ ұлты үлкен рухани ДИЛЕММАның алдында тұр!!! Тіл ең қарулы құрал екенін ескеретін уақыт келді, тілін ұмытқан ұлт тарих сахнасынан жоғалып кеткенін тарих айтып отыр...!!! Космополит, нигилист, маргиналдар флюгер сияқты екенін еске сала кету ғана еді...Олар Диалектикалық заңдылыққа бағынбайтын пенделер екені жайлы талай айтылды да жазылды!!!

P.S. Өз тілін білмеген адам, өз ұлтының тарихын, әдет ғұрпын, тарихын біледі дегенге сену... Тіпті, елін қорғайды дегенге сену қиын!!! Отарлаушы тілде сөйлегеніміз аздай, араб, ағылшын тіліндегі "паразит" сөздердің де қолданыста болғаны Сізді ойландырады ма, Достым?!!!

Советқазы Нұрсила, Қазақ үні