Астана - жемқорлыққа белшеден батқан бас қала

Өңірлерді жемқорлық дерегі бойынша саралаған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері осындай мәлімет беріп отыр.

Бұл  туралы КТК арнасы хабарлады.

Биылғы 8 айда ел аумағында 1393 дерек анықталған. Қалтаға басқан ауызбастырықтар көлемі 5 мыңнан бастап 30 миллион теңгеге дейін, ал ұрланған ақша көлемі 10 мыңнан 3 миллиард теңгеге дейін барады. Соның ішінде, жыл басынан бері бір Астананың өзінен 112 жемқорлық дерегі анықталған. Оның себебі, қалада басты мемлекеттік органдар көп шоғырланған.

Одан бөлек, Қостанай мен Түркістан облыстары да ақшаға құнығуымен ерекшеленіп үлгеріпті. Ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында. Ал бұл парақорлық деректері құрылыс, білім беру, жер қатынастары және ауыл шаруашылығы салаларында жиі кездеседі екен.