"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Алматыда жоғалып кеткен профессордың мәйіті табылды

Алматы облысының полиция қызметкерлері 69 жастағы алматылық профессордың жоғалып кетуіне қатысы бар ер адамды ұстады, деп хабарлады Sputnik тілшісі.

17 тамыз күні Алматы қаласында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқытушысы, профессор Ағыбай Смағұлов жоғалып кеткен болатын. Оның жоғалып кеткені туралы ақпаратты азаматтық белсенді Ислам Угушев әлеуметтік желілерде таратты. Смағұловтың туыстары халықтан оны іздеуге көмектесуді өтінді. Хабарламада оқытушы Қарасай ауданына қарай кеткені аталып өтті.

Бүгін іздеуде болған адамның денесі Алматы облысы аумағынан табылғаны және оның жоғалып кетуіне жергілікті тұрғындардың бірінің қатысы бар екені анықталды.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі ақпаратты растап, полиция қазірдің өзінде кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

«Жоғалған адам туралы арыз 21 тамыз күні Қарасай АІІБ-ге түсті. Ер адамның қайда екенін анықтауға бағытталған  жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде оның жоғалуына қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындардың бірі ұсталды. Әрі қарай тергеу барысында күдікті іздеуде болған ер адамның жерленген орнын көрсетті. Қазір Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысқа күдікті қамауға алынды», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ағыбай Смағұловты бір жыл бұрын студенттер ұрып-соғып, тонап кеткен болатын. Жоғары оқу орнында оқитын студенттер оның 23 миллион теңгесін тартып алып кеткен, зардап шегушінің тоғыз қабырғасы сынды.




Осыған ұқсас:

  1. Алматыда марафон кезінде 18 жастағы жігіт қайтыс болды
  2. Денис Теннің өліміне күдіктінің анасы: Ұлымның адам өлтіргеніне сенбеймін
  3. ҚазПИ-дің іргетасына 90 жыл емес, 100 жыл толды
  4. «Өліспей беріспейміз»: Алматыда желтоқсан белсенділері қарсылық митингіне шықты (ВИДЕО)
  5. Мемлекеттік тілге миы жетпейтін адам қалайша «халық қалаулысы» бола алады?
  6. Вячеслав Вавилин: ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ ТИІСПІЗ! Ол үшін бүкіл БАЛАБАҚША ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ болуы керек.

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.