"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



​Алматы қылмыс көп жасалатын қалалар рейтингіне кірді

Ғаламшардағы қылмыс статистикасын жүргізетін Numbeo сервисі 2018 жылдың «Қылмыстық рейтингін» жариялады, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Мамандар 327 қаладағы қылмыстарды сараптаған. Сонымен, әлемнің ең қауіпсіз қаласы БАӘ астанасы – Әбу-Даби болды. Мұнда қылмыс индексі 13 пайыздан сәл асып отыр, ал қауіпсіздігі бойынша көрсеткіші 86,37 пайызға тең.

Бұдан кейінгі орындарда Катардағы Доха орналасқан, кейін швейцарияның Базель қаласы (индексі – 16 пайыз). Ең қауіпсіз қалалардың ондығына Сингапур, Квебек, Осака, Токио, Берн, Мюнхен және Цюрих енген. Қазақстан қалаларынан тізімде Алматыға ғана бар екен. Рейтингте оңтүстік астанамыздың алып отырған орны – 216.

Сервис мәліметтері бойынша, қаладағы қылмыс индексі 50,06 пайыз, ал қауіпсіздік индексі – 49,94.  Әлемде қылмыс ең көп жасалатын қала Сан-Педро-Сула болды, бұл Гондурастағы ең ірі қалалардың бірі (қылмыс индексі 85,18).




Осыған ұқсас:

  1. Алматыда марафон кезінде 18 жастағы жігіт қайтыс болды
  2. Денис Теннің өліміне күдіктінің анасы: Ұлымның адам өлтіргеніне сенбеймін
  3. ҚазПИ-дің іргетасына 90 жыл емес, 100 жыл толды
  4. «Өліспей беріспейміз»: Алматыда желтоқсан белсенділері қарсылық митингіне шықты (ВИДЕО)
  5. Мемлекеттік тілге миы жетпейтін адам қалайша «халық қалаулысы» бола алады?
  6. Вячеслав Вавилин: ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУГЕ ТИІСПІЗ! Ол үшін бүкіл БАЛАБАҚША ТЕК ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ болуы керек.

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.