Астанада кітап фестивалі өтті

Астананың "Керуен" сауда орталығында оқырмандар үшін кітап мерекесі өткізілді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы Астана қаласындағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Кітап - ақыл патшасы» атты кітап фестивалін өткізді. Іс-шараның мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау.

Көрмеге танымал отандық жазушылардың кітаптары қойылды. Шараға қатысқан барлық оқырмандар отандық әдеби әлеммен танысып, қуатты қаламгерлердің қарымды шығармаларымен таныса алды.

Шараға Ғарифолла Есім, Баянғали Әлімжанов, Қалқаман Сарин, Жанат Әскербекқызы секілді есімі елге танымал таланттар қатысты.