"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



«ВИРТУАЛДЫ ҚОЙМА» ӘДІСІНДЕГІ ҚОЛАЙСЫЗДЫҚТАР

«Виртуалды қойма» модулі кәсіпкерлер үшін елеулі әкімшілік тәуекелдерді тудырып отыр. Осыған орай, «Ақ жол» депутаттары Қаржы министрлігінен аталған мәселелерді оңтайлы шешуін сұрады. Фракцияның аталмыш депутаттық сауалын Екатерина Никитинская мәлімдеді.

«Үстіміздегі жылдың 1-сәуі­рінен бастап Дүниежүзілік банктің жобасы шеңберінде рес­публикада «Виртуалды қойма» модулі іске асырылуда. Ол салық төлеушінің қоймасындағы тауарлардың қозғалысын нақты уақыт режимінде автоматты түрде қадағалауға мүмкіндік береді. 2019 жылдың 1-қаңтарынан бастап оны толық іске қосу жоспарланып отыр, бұл деректер базасына кәсіпорындардың балансында бар барлық тауар-материал­дық қосалқы қорлары мен негізгі құралдарды енгізу қажеттілігін білдіреді», – делінген депутаттық сауалда.
Дегенмен, Никитинская атап өткендей, кәсіпкерлер үшін елеулі әкімшілік тәуекелдер тудыратын бірқатар проблемалар бар:
1. Салық төлеушілер бар­лық ­тауарлар мен негізгі құрал­дар бойын­ша сыртқы эконо­микалық қызметтің тауар но­мен­клатурасының кодтарына объек­тивті түрде иелік етпейді.
2. Кодты өздігінен ием­деніп алуы қолданыстағы класси­фикаторға сәйкес келмеуі мүмкін. Сондықтан бұл дұрыс сәй­кес­тендіруді қамтамасыз ете алмайды. Көлденең мамандарды тарту арқылы кодты иемдену – аса шығынды процедура, сондықтан, әрбір кәсіпкердің оған қауқары жете бермейді.
3. Модульде және салық төлеу­шінің 1С базасында тауар­лардың көрсетілу мерзімдеріндегі айырмашылықтар әбден болуы мүмкін, өйткені, жүзеге асыру бойынша салық салынатын айналымның датасынан бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірмей, ЭСФ-тің үзінді көшірмесін жасауға заңды түрде рұқсат берілген. Мұның үстіне, жергілікті контрагенттерден шыққан бірдей тауарлар әртүрлі атаулармен, ал шетелдік жеткізушілерден келгендер мүлдем басқаша сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасы кодтарымен жүргізілуі мүмкін. Барлық осы кірістер бір номенклатуралық топтың картасында көрініс табады. Ал, бұл сөзсіз, «Виртуалды қойманың» және бухгалтерлік есептің деректері арасындағы сәйкессіздіктерге әкеліп соғады.
4. Ақшаға шаққандағы есеп-қисапты жүргізу талабы электронды шот-фактуралардың үзінді көшірмесін алуға мүмкіндік бермейді, ал «Виртуалды қойма» арқылы бұл тіптен мүмкін емес. Шындығында, әрбір іске асырылатын бірліктің қосымша параллель есебі қажет. Бизнес үшін бұл тағы да қосымша қаржы шығындарын жұмсау дегенді білдіреді.
5. Әзірлеушілердің түсінді­руінше, «1С Кәсіпорын 8» тұғыр­намасындағы бағдарламалық өнімдердің конфигурациясында «Виртуалды қойма» модулімен интеграциялауды жақын арада іске асыру жоспарланбаған. Осылайша модульмен біріктірілген бухгалтерлік есептік бағдарламалық қамтамасыз етудің өзге нұсқаларына көшу қажеттілігі туындайды. Немесе деректерді «Виртуалды қойма» дерекқорына қолмен енгізу үшін бухгалтерлерді уақытша жалдауға тура келеді. Бұл іс-шаралар ауқым­ды қосымша шығынды талап етеді, оны кәсіпкерлер келесі жылы да алып жүреді.
«Әлбетте, «Виртуалды қойма» модулін енгізудің басты талабы номенклатураға СЭҚ ТН (сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасын) қолдану арқылы «Тауар номенклатурасының бірыңғай анықтамасын» (штрихкодтау қағидасы бойынша) құру болуы тиіс. Сондай-ақ, арнайы бағдарламаны әзірлеп, оны әрі қарай әрбір салық төлеуші өз өнімдерін автоматты түрде кодификациялауға мүмкіндік беретін уәкілетті органның сайтына орналастыру қажет», – деп атап көрсетті депутат.
Модульді құрудың басты мақсаты экспорттық-импорт­тық мәмілелерді басқарудың тиім­ділігін арттыру болып табыла­тындығын ескерсек, Никитинская кәсіпорынның балансындағы негізгі құралдар және пайдала­нудағы тауар-материалдық босалқы қорлар туралы деректерді «Виртуалды қоймада» көрсету бойынша талаптарды жоюды әділетті деп санайды. Есепке тек әкелінетін (импортталған) немесе экспортқа шығарылатын тауарлар мен жабдықтарды жылжыту тізбегінде жүргізуді ұсынды.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты «Ақ жол» депутаттары Қаржы министрлігінен келесі ақпаратты берулерін сұрады:
– жоғарыда көрсетілген мәселелердің шешілуін қамтамасыз ететін іс-шаралар туралы;
– аталған әкімшілік олқылықтар сақталған жағдайда кәсіпкерлер үшін айыппұл, өсімақы және әкімшілік санкциялар түрінде пайда болатын тәуекелдер туралы;
– салық төлеушілердің қосымша қаржы шығындары бойынша, әсіресе шағын бизнес және аграр­лық сектор саласындағы есептеулер туралы мәлімет беруін сұрайды. «Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру және отандық бизнестің мүддесін қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

qazaquni.kz




Осыған ұқсас:

  1. АҚЖОЛДЫҚТАР ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ШАРА ӘЗІРЛЕУДІ ҰСЫНДЫ
  2. Аймақтағы айтулы жетекші
  3. Мәжіліс депутатының мәмілесі

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.