"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қасымов «отставкаға кетесіз бе?» деген сұраққа жауап берді

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов отставка туралы шешімді президент қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Біз әскери адамбыз, президент қалай шешеді, соған бағынамыз. Бұйрық берілген жерде істейміз»,- деп қысқа қайырды министр ОКҚ-де өткен брифингте.

Айта кетсек, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін қазақстандықтар ішкі істер министрлігіне реформа керектігін айтып, Қалмұханбет Қасымов бастаған басшылықтың отставкаға кетуін талап еткен еді.

Қазақстандық спортшы осы жылдың 19 шілдесінде Алматыда автокөлік ұрыларының қолынан қаза тапты.

Аталған факті бойынша үш адам ұсталды. Олар Жамбыл облысының тумасы 24 жастағы Нұралы Қиясов, Қызылорда облысының 1994 жылғы тумасы Арман Құдайбергенов және Жанар Толыбаева. Алғашқы екеуі ұрлық, қарақшылық және адам өлімі бойынша, ал әйел қылмыс жасалғанын хабарламағаны үшін айыпталып отыр.



Ілмектер:
ІІМҚасымов

Осыған ұқсас:

  1. Ішкі істер министрі ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ кіре алмай кеткен ҚАЗАҚ анасына қатысты сауалға жауап берді
  2. Азат Перуашев: Шекаралық бақылау қызметкерлері қандасымыздың нашар денсаулығына да қарамаған
  3. БАҚ – ІІМ қауіпсіздік үшін халықты Астанадан қумақ па?
  4. Министр Қасымовқа полицейлерді әшкерелейтін материалдар көрсетілді
  5. Құзырлы орган Аян Мейірбаевтың бостандыққа шыққанын неге жасырып келген?
  6. Ақтөбе оқиғасына қатысы бар террористердің тізімінде қате кеткенін ІІМ мойындады

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.