"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды көлігімен қағып өлтірді

7 қыркүйек күні Ақтөбеде наиб-имам әйел адамды жаяу жүргіншілер жолағында қағып кетті деп жазады Aktobetimes.kz.

«7 қыркүйек күні Актобе-Орск автожолындағы жаяу жүргіншілер жолағында 30 жастағы «Лада-Гранта» автокөлігінің жүргізушісі 57-дегі әйелді қағып кетті. Алған жарақатынан әйел ауруханада көз жұмды», – дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Полицейлер бұдан басқа мәлімет бермей отыр. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал көршілері оқиғаны былай баяндайды:

«Ол әйелмен Комсомол ауданында бірге тұрғанмын. Кейін Ақтөбеге көшіп кеткен. Жақсы араласып едік. Обал болды. Оны ескі мешіт имамының орынбасары қағып кеткен. Жерлеу рәсіміне кететін шығынды өздері көтеріп жатыр екен», – дейді марқұмның ескі танысы.

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат беруден бас тартты.




Осыған ұқсас:

  1. Ақтөбеде орамал таққан үш оқушының ата-анасы қамауға алынды
  2. Ақтөбеде Қытай компаниясында жарылыс боп, ер адам көз жұмды
  3. «Әкімдіктен қайыр жоқ-2»: Ресми орган «Қазақ үні» мақаласына жауап берді
  4. Ақтөбеде Әбілқайыр ханға орын табылмады ма, Сапарбаев мырза?!.
  5. «Әкімдіктен қайыр жоқ»: Ақтөбе облысындағы халық неге наразы
  6. Сапарбаев жастарды мейірімді болуға шақырды

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.