"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Астанада жаңбырда қайықпен жүзген жігіттер айыппұл төлемейтін болды

Астана қалалық соты нөсер жауында қайықпен жүзген екі жігітке айыппұл салу туралы шешімнің күшін жойды деп жазады Sputniknews.kz.

Нөсер жауында Астана көшелерінде қайықпен жүзген Жандос Сәдібек пен Дмитрий Кирилловке қатысты іс өндірісі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтады.

Сот отырысы барысында адвокат Сергей Сизинцев Жандос пен Дмитрийге салынған айыппұл негізсіз екенін, олардың әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық жоқ екенін айтып, қаулының күшін жоюды сұрады. Қорғаушының айтқандарымен прокурор да келісті.

«Сол күні қайық біздің көлігімізде болған. Айнала бәрі су болған соң, қайықпен жүзіп көрейік деп шештік. Бұл жай ғана әзіл болатын, ешқандай жаман ойымыз болған жоқ», – деді Дмитрий Кириллов.

Ал Жандос Сәдібек үшін бүгін тіпті ерекше күн. Оның бүгін туған күні екен.

«Әділдік орнағанына өте қуаныштымын. Туған күніме жаман сый болмаған сияқты. Іс осылай аяқталады деп күткен жоқпын»,- дейді Жандос.

Екі жігіт те бұдан кейін Астана көшелерінде қайықпен жүзбейміз деп отыр.

«Мұндай жағдай қайталанбайтыны анық. Ешкімге қызық емес те шығар. Мүмкін, басқа бір нәрсе ойлап табармыз, бірақ алдымен адвокатпен ақылдасамыз», – деп күлді Жандос.




Осыған ұқсас:

  1. «Шанхайда» сөмкеден табылған әйел мәйіті: күйеуі жерлеуге қаражат таппаған
  2. Астанада Еуразиялық әдеби форум өтуде
  3. Астана маңындағы ауыл тұрғындарының да жақсы өмір сүруге толық құқықтары бар – Берік Дүйсембинов
  4. Астананың жаңа әкімі жаңбыр суымен күреске қыруар қаржы сұрап отыр
  5. Астана қаласында сөмке ішінен адам денесі табылды
  6. Астанада 40-қа жуық отбасы үйсіз қалуы мүмкін

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.