Қасымовқа қыркүйек әлі келмепті

2674
0
Бөлісу:

Бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер анықталды. Астана қаласының әкімі болып тағайындалған Бақыт Сұлтанов соңғы рет қаржы министрі ретінде Үкімет отырысына қатысып үлгерді. Бұдан былай игерілмеген қаражат бірден кері қайтарылады. Премьер Қаржы министрлігіне осындай пәрмен берді.

Биыл да бюджеттің атқа­рылуы көңіл көншітпейді. Жыл­дың аяқталуына үш ай қалды. Ал кейбір министрліктер кемі 10 миллиардтаған қаржыны әлі ұқсатпаған. «Қазір дайындалып жатқан қайта қарау кезінде, игерілмеген қаржының бәрін кім сұраныс беріп жатыр, игеріп, жетпей жатқандарға ауыстыру керек» – деп Бақытжан Сағынтаев кесіп айтты. Сылбыр қимылдағандардың көш басында Қорғаныс министрлігі – 15,4 млрд. теңге, Ауыл шаруа­шылығы министрлігі – 10,9 млрд. теңге, Мәдениет және спорт министрлігі – 11,1 млрд. теңге және Ішкі істер министрлігі 9,5 млрд. теңге қаржыны әлі жаратып үлгермеген. Ал Сағынтаевтың тіке қойған сауалына «Бақытжан Әбдірұлы, мына 4,5 млрд. теңге келісімшартта бар, оны қыр­күйекке дейін орындаймыз» – деді сасқалақтаған Ішкі істер ми­нистрі Қ. Қасымов.
– Қыркүйекке дейін дегенде, қыркүйектің ішінде отырмыз ғой, қалай сонда? Бүгін міне 11-і. Кішкене бір өтірік айтқанда да дұрыстап айту керек қой, – деді премьер-министр. Бізде бюджет ақшасын ғана емес, ай-күнді де шатастыратын министрлер бар екен ғой…

Зейнолла АБАЖАНОВ

qazaquni.kz

 

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Пікір немесе жауап жазу

3 × 5 =