"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



«Әкімдіктен қайыр жоқ-2»: Ресми орган «Қазақ үні» мақаласына жауап берді

Кеше «Қазақ үні» ақпарат агенттігінде «Әкімдіктен қайыр жоқ: Ақтөбедегі ел наразы» атты мақала жарық көрді. Онда Темір ауданындағы тұрғын үйдің бірінде көп жылдан бері кәріз құбырларының мәселесі шешілмей жатқаны сөз етіліп, халықтың әкімдік қызметкерлеріне деген наразылығы туралы жазылған. 

Бүгін редакция поштасына Темір ауданы әкімдігінен ресми жауап келді. «Мақала жарияланған күні көпқабатты үйдің подвалындағы қоқыстар, кәріз жүйесі тазартылды», – деп жазылған ресми жауапта.

«Қазақ үні» ақпарат агенттігі әкімдіктің ресми жауабын ұсына отырып, алдағы уақытта да өңірдегі әлеуметтік мәселелерді жіті бақылауда ұстайтынын хабарлайды.

РЕСМИ ЖАУАП:

«Қазақ үні» ұлттық порталында жарияланған «Темір ауданында кәріз құбырлары істен шыққан көпқабатты үйдің тұрғындары әкімдік қызметкерлерінен қайыр болмай отырғанын айтады» тақырыбындағы ақпаратқа төмендегідей жауап береміз.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабының 24) тармақшасында баспалдақтар, төбелер, подвалдар, пәтерден тыс не үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар ортақ мүлікке жатқызылған.

Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірнеше рет тұрғындармен кездесу ұйымдастырылып, көпқабатты үйдің тұрғындарына «кондоминиум» құру қажеттілігі және тұрғын үйді күтіп ұстауда оның тиімділігі туралы түсіндіріліп келеді.

Алайда, тұрғындарда белсенділік төмен.

Дегенмен, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тұрақты түрде көпқабатты үйдің кәріз жүйесін тазарту, қоқыстарын шығарып беру және т.б. жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Мақала жарияланған күні көпқабатты үйдің подвалындағы қоқыстар, кәріз жүйесі тазартылды.

Темір ауданы әкімдігі




Осыған ұқсас:

  1. Астананың ең атақты тұрғын үй кешені қирай бастады

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.