"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



«Әкімдіктен қайыр жоқ»: Ақтөбе облысындағы халық неге наразы

Ақтөбе облысы Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық ауылында бес қабатты үйдің кәріз құбыры істен шығып, лас су далаға ағып жатыр. Тұрғындар жергілікті билік тарапынан қайыр болмай отырғанын айтады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Редакцияға хабарласқан тұрғындар Байғанин көшесіндегі №2 үйдің жағдайы мүшкіл екенін алға тартты. Олардың айтуынша, 60 пәтерлі үйдің жертөлелері нәжіс суына толып, лай су тіпті сыртқа ағып жатыр.

«Әкімдікке жолықтық. алайда, үй жеке меншіктеріңде, өздерің жөндеп алыңдар дегенге саятын жауап қатты. Есептеп қарасақ, жөндеу жұмыстарына 1 млн 300 мың теңге керек екен. Әр отбасы шамамен 22 мыңнан жинауы тиіс. Алайда, тұрғындардың барлығы бірдей мұндай соманы тауып бере алмай отыр. Ал, лас су болса, бізді тұншықтырып барады. Балалар ойнап жүр. Ертең ауру тараса, не істейміз? Біздің мәселемізге әкімдік қызметкерлері құлақ аспай отыр», — дейді редакцияға хабарласқан Шұбарқұдық ауылының тұрғындары.

Ауыл тұрғындары сонымен бірге, кәріз құбырын орталықтандырылған құбырға жалғаса деген өтініш айтты. Осыған дейін кәріз құбыры үшін ақы төлеп келгендерін де жасырмады.




Осыған ұқсас:

  1. «Әкімдіктен қайыр жоқ-2»: Ресми орган «Қазақ үні» мақаласына жауап берді
  2. Ақтөбенің 300 ауылын 300 кәсіпкер қамқорлыққа алады
  3. Сапарбаев жерге бөлінуді доғару керектігін айтты
  4. Сапарбаев – партия, Ибраев – Парламент партасына отырды
  5. «Шығыстың бас құрылысшысы»

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.