Бақыт Сұлтанов Астана қаласы әкімі болып тағайындалды

Бақыт Сұлтанов Астана қаласы әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың туиттердегі ресми парақшасы хабарлады.

"Мемлекет басшысы жарлығымен Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Астана қаласы әкімі болып тағайындалды" делінген хабарламада.

Бақыт Тұрлыханұлы бүгінге дейін ҚР Қаржы министрі болып қызмет атқарған болатын. Ал, Астана қаласы әкімі лауазымында Әсет Исекешев болған еді. Кеше Елбасы жарлығымен Әсет Исекешев ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалған еді.