"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қазыбек Иса. Қайда кеттің, қайран менің жастығым?

Өмір – өлең

ЕЛУДЕН АСЫП БАРАМЫЗ…

 

Елу деген жастан асып барамыз,

Өткен күндер  – енді бүгін бәрі аңыз…

Қарауменен қабағына уақыттың,

Жалауменен жазылуда жарамыз…

Елу деген жастан асып барамыз.

 

Әлі бізге елік қыздар жабысып,

Кеудемізден қалықтайды ән ұшып.

Сезім деген сезбейді екен жасыңды,

Елу мен Ес келе жатыр алысып…

 

Асулардан қиындықсыз асты кім,

Балдәуренді аңсап талай басты мұң.

Аттан түспей шауып келе жатырмыз,

Қайда кеттің, қайран менің жастығым?

 

Кетті жылдар –

Жүрегімнің бар мұңы.

Келер жылдар толтыра ма ал мұны,

Тартады әлі баяғыдай таң нұры.

Есею де Ерге әдемі екен ғой,

Қырға шықсаң көрінбей ме барлығы?!.

 

Елу деген жастан асып барамын,

Естілуде елге мынау бар әнім.

Жүрегімнің бар екенін білдіріп,

Қарамашы бұлай маған қарағым.

Елу деген жастан асып барамын.

 

Елу деген Ердің жасы екен ғой,

Өмір осы –

Өткен күнге жетер ме ой?

Шашыма аппақ шаштың арай, ал енді,

Көз алдымнан көркем әлем көтер бой.

 

Кеткен өтіп керемет бір шағымды әр,

Сағынғанмен жеткізбейді сағымдар…

Бақытты етер бал қыздар мен нар ұлдар,

Азабыма көну үшін менің бар,

Ғажабымды көру үшін менің бар,

Бар сұлуды жеңіп шыққан жарым бар.

 

Жанымызды сыздатса да жақын күз…

Ару көрсе ақыл қашқан ақынбыз.

Тереңдікте тұнып аққан өзендей,

Кемелдікке кетіп бара жатырмыз…

Қазыбек ИСА

09.09.2018.

Qazaquni.kz

 



Ілмектер:
Қазыбек Иса

Осыған ұқсас:

  1. ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ҚАРЛЫҒАШЫ
  2. ҰЛТТЫҚ НАМЫС ПЕН САНАНЫ ШЫҢДАР БАСЫЛЫМ
  3. «ҚАЗАҚ ҮНІ» – БАР ҚАЗАҚ ҮНІ!
  4. ДУЛАТ ИСАБЕКОВ КІТАПХАНАСЫ АШЫЛДЫ (ФОТО)
  5. Жұбаныш Жексенұлы: Қазір ӘНШІСЫМАҚТАР мен САЯЗ САТИРИКТЕРДІҢ ЗАМАНЫ
  6. Абзал Құспан. Сайрагүл Сауытбай туралы не білеміз?

Facebook арқылы пікір жазу



2 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. gulmira 12 Қыркүйек, 2018, 08:41

    Бар сұлуды жеңіп шыққан жан жарыңыз – Жəннəт жеңгемізбен бақытты да баянды ғұмыр кешіңіз.Балдай тəтті немерелеріңіздің ізін шөберелер жалғай берсін!

  2. Калеке 12 Қыркүйек, 2018, 10:31

    Анау өлеңің бар еді ғой, дөңгелегің тесілгір алпыс алты деген, кетті ғой сондайлармен қайран жастығымыз, қазіргіміз қу көңіл баяғы…

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.