ШҚО-да Ақтамберді жырауға ескерткіш орнатылды

Абай ауданының Құндызды ауылында Ақтамберді жырауға арналып бюст орнатылды. Тұғырын қоса алғанда 3, 70 метр болатын ескерткішті дарынды мүсінші Нұрбол Қалиев жасап шыққан. Бұл туралы altaynews хабарлайды.

«Мүсінді дайындауға екі жарым ай жұмсалды. Металлопластик материалы қолданылды. Əйтсе де, батыр бабаның келбетін жасау адам ойлағандай оңай емес. Ауыз əдебиеті, батырлар жыры, сондай-ақ ұрпақтарын зерттеп, оның болмысын аша түстік. Енді халық өз бағасын бере жатар», - деп атап өтті Нұрбол Қалиев.

Ұлтының азаттығы үшін арпалысқан əйгілі жырау осы Құндыздыда жерленген екен.