"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қазақ көкпаршылары бізбен ойнауға қорқып, өзбектерден әдейі жеңілді – Бегалиев

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы жартылай финалда Өзбекстаннан әдейі жеңілді, деп мәлімдеді көкпардан Қырғызстан командасының бұрынғы басшысы Талас Бегалиев, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

Желіде Бегалиев Қазақстан ойыншылары отырған микроавтобусқа кіріп, олардың жартылай финалдағы ойынын сынға алғаны жайлы видео жарияланды. Ол қазақтар өзбекстандықтарға жеңісті қолдан бере салды деп есептейді. Бегалиев сондай-ақ өткен жылы Астанада өткен көкпардан әлем чемпионатында қырғыздар лайықты өнер көрсетіп, барлық ережеге келіскенін еске салып өткен.

«Біз бұл салада көптен бері жүрміз, спортшылар турнирге қалай қарайтынын, ойынға қалай атсалысып жүргенін білеміз. Атқа қатысты оқиғаға бәрін жаба салуға болмайды. Қазақстандықтар бізбен финалда ойнауға қорықты, сондықтан өзбекстандықтардан жеңілді. Екі жыл бұрын біз финалда жеңгенбіз, олар қайта кездесуден қашты. Біз ренжіп отырмыз, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да көрермендердің үмітін ақтау керек еді. Спортшылардың бірі Қазақстан федерациясы өз ойыншыларына «ойнамаңдар» дегенін айтты», — деді Бегалиев өз сұхбатында.

Ол финалға болжам жасай отырып, Қырғызстан ұлттық командасы финалда өзбекстандықтарды ойсырата ұтады деген пікірін білдірді.

Қазақстан құрамасының бапкері Қанағат Сүйінбаев түсініктеме беруден бас тартты, алайда спортшылар қола үшін ойнайтынын атап өтті.




Осыған ұқсас:

  1. Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын тапсырды
  2. Қазақстандықтарға тұмаудың жаңа түрі қауіп төндіреді
  3. Қазақстан құрамасы дүниежүзілік көшпенділер ойынында екінші орынды иеленді
  4. Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңуге болады?
  5. ДОЛЛАР ДҮРБЕЛЕҢІ
  6. Дина Елгезек: Халық ірімшігімен бөліспейтін биліктен шаршады

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.