"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Comedy Club әртісі қазақстандық бай төрт әйелдің көңілін қалай көтергенін айтып берді (ВИДЕО)

Comedy Club әртісі әрі ТНТ арнасындағы Stand Up шоу бағдарламасының жүргізушісі Руслан Белый өзінің бір сұхбатында қазақстандық төрт байшыкеш әйелдің көңілін қалай көтергені туралы айтып берді, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Әртістің айтуынша, бұл оқиға Жерорта теңізінің Сардиния аралында орын алған.

— Біз музыканттармен бірге төрт палубалы яхтада өнер көрсеттік. Бізді ол жерге моторлы қайықпен алып келді. «Аяқ киіміңді шеш!» деп бұйырды. Палубаның едені біздің өмірімізден де қымбат шығар. Ондағы демалушылар Қазақстандық  төрт әйел еді. Жасы келген әйелдер. Мен стендап орындап, музыканттар ән айтуы тиіс болатын, — деп еске алады Белый.

Алайда корпоратив ұзақ басталмай жатты. «Мен ұйымдастырушылардан «Не боп жатыр?» деп сұрадым. Сөйтсем, тапсырыс беруші төрт әйел еңіреп жылап отыр екен. Туған күн кешінде адам жылай ма деп таң қалдық».

— Олар дастарханға жайғасып, Лондонда жүрген өз күйеулерін ойлап көңілдері түскен секілді, өмірлері көңілсіз көрінді ме екен… Екі сағаттан кейін олар жоғарыға көтерілді, мен әзілдерімді айтып, диджей музыка қосты. Төрт байшыкеш әйел музыкаға еліріп билей бастады, — деді әртіс.

Қазақстындық төрт әйел туралы айтқан сөзін видеоның 21:10 минутынан бастап тыңдай аласыздар.




Осыған ұқсас:

  1. Қорғаста қазақстандық шекарашы оңбай соққыға жығылған (ВИДЕО)
  2. Түркия азаматы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін сабап тастады (ВИДЕО)
  3. Павлодарда жартылай көмілген қабір жұртты шошытты (видео)
  4. Мемлекеттік тілді менсінбеген аурухана басшылығының кешірім сұраған видеосы жарияланды
  5. Астанадағы №8 орта мектеп жаңа оқу жылына дайын емес (ВИДЕО)
  6. Астанада жаңбырда қайықпен жүзген жігіт: «Бүкіл ел бізді қолдап отыр» (ВИДЕО)

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.