Абзал Құспан: "ҚАНДАСТАРДЫ ҚОРҒАҒАН КЕЗДЕ Жасарал ҚУАНЫШАЛИН ҚАСЫМЫЗДА БОЛҒАН ЕМЕС !"

Сіз өз иеңіз Мұхтардың жыртысын жыртамын деп  менен кек алып отырсыз. Маған тиісе беріңіз, Сәуледе не әкелеріңіздің құны бар?

Сіздің ол топқа қатысыңызды анықтайын деп ГУГЛды қосып қалсам, «Провокатор Жасарал Куанышалин открыто признался в собачьей преданности ДВК» деген мақала көзіме жарқ ете қалды.

 

Осындай дау-дамайды суқаным сүймейді, осы кезге дейін өзіме қатысты кім не деседе, жауап қайтарып, пост жарияламаған екенмін. Мысалы, ана бір жолы Сайрагүлдің ісі енді басталған кезде Мұхтар Аблязовқа қарсы қазақша және орысша мәлімдеме жасадым (өйткені ол кісі осы іске өзі араласатыны туралы жария еткен), олай етпеген жағдайда Сайрагүлге қатысты қандай шешім шығатыны бір Аллаға аян еді... Сол ақ екен, Аблязовтың өзі, Атабаевы бар, басқада қолдап-қолпаштайтындары бар мені КНБ-шник деді, басқа деді, не бір бәлені үйіп төкті, мен олардың ешқайсысына тырс етіп жауап қатпадым.

Бірақ, бұл жолы маған қоса қазақтың Ақжүнісі – Сәулеге тіл тигізгенге мен шыдап тұра алмайды екем! Астында Жасарал Қуанышалин деген ДВК белсендісінің жазғанымен, менің оған қайтарған жауабым тұр, оқып өздерің ой қорыта жатарсыңдар.

Ал, менің айтпағым жалғыз ақ сөз: қазақ тілі үшін Руза апайды, Оразкүл апайды, Әселді, оралман Гүлжән Мәуітханды т.б. қалай қорғасам, Сәулені де дәл солай қорғайтын боламын!

Жасарал Қуанышалиннің посты (сөзбе-сөз):

Сөзіңді бастан-аяқ мұқият тыңдап шықтым, Қыдырәлі Оразұлы (қараңыз: https://www.facebook.com/groups/1608534422737634/permalink/2187612584829812/). Және саған толық СЕНЕМ. Менің көп жылдық өмір тәжірибем, саясаткерлік түйсігім солай дейді.

Сондықтан, біріншіден, екі залым империяның зорлығымен кезінде жат ел құрамына өтіп кеткен өз ата-баба жерлерінде өмір сүріп жатса да, соңғы жылдары отаршылдық-шовинистік Бейжің тарапынан адам айтқысыз қудалау, қуғын-сүргін, сұмдық геноцидке ұшыраған (бұл жөнінде мен де бірнеше материал жариялаған болатынмын) Қытайдағы қазақтарды "Атажұрт" ұйымындағы азаматтардың сол нәубеттен қорғап қалу мақсатында жасап жатқан таза ниетті ұлтшылдық және отаншылдық адал еңбектеріне тек қана сәттіліктер мен табыстар тілеп, өз атымнан ағалық зор рахметімді айтамын һәм Алла Тағала разы болсын деймін! АҚ ЖОЛ!

Екіншіден, өздерінің ТӨЛЕМДІ еңбектерін бұлдау арқылы атаққұмарлық және даңқұмарлық жеке бас мүдделерін халық, ұлт мүддесінен жоғары қойып, арзан саяси ұпай жинау мақсатында жоқ жерден ши шығарушы, бәсеке, жанжал тудырушы, "Атажұрт" жөнінде лас өсектер таратып, оған жала жабушы Сәуле мен Абзалдың (Нұргелдінің бұл мәселеде қандай позицияда екені маған белгісіз болғандықтан, ол жөнінде әзірше ештеңе айта алмаймын) зиянкестік іс-әрекеттерін еш ақылға сыймайтын ҰЯТ, МАСҚАРА іс-әрекеттер деп есептеймін!

Үшіншіден, Қытайдағы қандастарымызды арашалаймыз деп жүріп, мынадай «есіктен кіріп, төр менікі» деуші теріс пиғылды көлденең көк аттылардың арсыз шабуылына ұшыраған "Атажұртты" халықтың, ел азаматтарының олардан қорғап, арашалап алатынына менің ешқандай күмәнім жоқ.

Сендерге Алла жар болсын, атажұрттықтар! Әумин!

Жасарал Қуанышалинге менен жауап:

«НЕГЕ барлық ОППОЗИЦИОНЕРЛЕР шетелде, ТҮРМЕДЕ, ал ЖАСАРАЛ сияқтылар ЕШҚАШАН ҚЫСЫМ КӨРМЕЙДІ, ҮКІМЕТТЕН ҮЙ АЛЫП, оларын ЖАЛҒА БЕРІП, ЕРКІН ӨМІР СҮРЕДІ?»

Біріншіден, Сізге тек қана Қыдыралының емес, Сәуленің де сөзін толық оқып шығу керек еді (мен бұл дау бойынша бірде-бір пост жарияламағам), сол кезде ғана кімнің ши шығарып,  кімнің іспен айналысқанын білер едіңіз. Көп жылдық саяси түйсігіңізге сеніп қана қоймай (кәрілік, басқа да ерекшеліктерге байланысты түйсігіңіз да шау басады),  обьективтілікті алдыңғы орынға қою керек еді.   

Екіншіден, «өздерінің ТӨЛЕМДІ еңбектерін бұлдайтындай» мен Атажұрттан бір тиын ақша алған адам емеспін! Серікжан Біләштың өзі "Әбеке, ең болмаса бір жаққа ұшағыңызға билет алып берейік" - дегенде де келіспегем. Түсіне алсаңыз түсініп көріңіз, бірақ адвокатурада pro-bono деп аталатын жүйе бар, сонау 14-15 ғасырларда Европа елдерінде бастау алған, Сізге түсінікті болу үшін қысқа ғана мәлімет бере кетейін; қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізген адвокаттар белгілі бір істер бойынша ақысыз қызмет көрсетуді өз міндетіне алады. Ол адамгершілік қағидаларына негізделген, адвокаттың өз еркімен қоғамдық негізде атқаратын шаруасы.

Міне бұндай шаруалармен мен 2007 жылдардан бері айналысып келемін, әр ісімді Сіздер сияқты газет-журнал, сайттарда айқайлатпай тыныш қана атқарып келемін. Нәтижесінде, мен журналистерді емес, журналистер мені тапты. Ал, Сәулеге еңбектерін қалай «төлегендерін» оның өз постынан оқысаңыз толық ақпарат берілген.

 Үшіншіден, мен немесе Сәуле Атажұрт туралы лас өсек таратқан болсақ, оған қатысты нақты деректерді келтіре кетсеңіз? Жалпы өсек деген сөздің мәнін-мағынасын түсінетіндей жағдайдасыз деп ойлаймын, сондықтан дәлел-дәйек сұрауымды дұрыс қабылдарсыз деп есептеймін. Мысалы, кезінде өзіңіз айтысқан бір азаматтар Сіз туралы «неге барлық оппозиционерлер шетелде, ана дүниеде, түрмеде, ал Жасарал сияқтылар ешқашан қысым көрмейді, еш жерде жұмыс істемейді, бірақ Үкіметтен үй алып, оларын жалға беріп, еркін өмір сүреді» - деген сөздерін мен де өзіңіз сияқты өсек деп қабылдадым, себебі олары ешқандай құжат түрінде дәлелденбеген болатын. Сол сияқты менің немесе Сәуленің «өсек айтып жүргенімізді» нақты фактімен келтіре кетсеңіз?

Төртіншіден, «есіктен кіріп, төр менікі» дейтіндей маған және Сәулеге не басымызға күн туыпты? Қаперіңізге сала кетейін оралмандар мәселесімен менің айналысқаныма бір емес, бірнеше жылдың жүзі болды! Екі жыл бұрынғы 60 000$ ақшамен Қытайдан Қазақстанға өтетін кезде ұсталып заңсыз сотталған Гүлжан Мәуітханы қорғаған кезде Сіз сияқты псевдопатриоттар немесе Атажұрттықтар қасымызда болған емес! Сол жеңісті істің арқасында оралмандарға қауіпті 20 жылғы сот практикасы өзгерді, енді Қылмыстық Кодексті өзгерткімізкеп әрекет етудеміз! Қысқасы, мен де, Сәуле де өз еліміздегі, өз төріміздегі адамдармыз!

Бесіншіден, мен Сіз сияқты саясаткер емеспін, саясатта ешқандай дәмемде жоқ. Мен адвокатпын. Оның не айырмашылығы бар дерсіз? Айтайын, маған мен туралы кім не дейтіні, не ойлайтыны маңызды емес және ешбір топтың қолшоқпары болуым шарт емес! Ал, саясаткерлер негізінен өз ұстанымына т.б. көптеген факторларға байланысты белгілі-бір топтың мүддесін қолдауға мәжбүр. Мен осы кезге дейін еш шаруам болмаса да, дәл осы Сайрагүлдің ісіне қатысты ДВК лидері Мұхтар Аблязовқа қатысты қарсы мәлімдеме жасадым. Себебі, ол араласса істің насырға шабатыны айдай анық дүние еді.

Сіздің ол топқа қатысыңызды анықтайын деп ГУГЛды қосып қалсам, «Провокатор Жасарал Куанышалин открыто признался в собачьей преданности ДВК» деген мақала көзіме жарқ ете қалды. Бәрі түсінікті болды, Сіз өз иеңіз Мұхтардың жыртысын жыртамын деп бір күн қастарында болмаған Атажұртты қорғаған болып менен кек алып отырсыз, сұрақ; маған тиіссеңіз тиісе беріңіз, бірақ кеше ғана тағы бір туысынан айырылып аңырап, қара жамылып отырған Сәуледе не әкелеріңіздің құны бар?

p/s: Ал Атажұртқа қатысты менде бір ғана өкініш бар, ол Әсел Кәрім, Құрал Медеуов, Серік Сапарғали сияқты, басқа да көптеген адамдар "бұлардан мұқият болыңдар" деген ескертулеріне уақытында құлақ аспағаным...

Абзал ҚҰСПАН, Қазақ үні