"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қабдеш Жұмаділ: Солақай саясат Шыңғысханды түрік емес, моңғол етіп көрсетуге тырысты

Жарты әлемді жаулаған ұлы Қаған – Шыңғыстың дүниеден өткеніне сегіз ғасыр өтсе де, ол туралы айтылатын әңгімеге нүкте қойылған жоқ. Айтылып жатыр, жазылып жатыр. Ұлы қағанның ұлылығы, даналығы, немесе қанішерлігі жөнінде.

Өйткені мың жылда бір келер ұлы тұлғанның ұлылығы сол – іздеусіз, елеусіз қалмауында.

Үнемі аты жаңғырып тұруында. Өзге жұртты былай қойып, өз

қазағымыз Шыңғысхан қазақ деп айтуға көше бастадық.

Бұл қаншалықты қисынды? Білмедік. Тіпті жазушы Бексұлтан Нұржекеев «Шыңғысхан Жалайыр. Ол Жетісудің түлегі. Іле өзенінің жағасында, Түргеннің маңайында туған» деп, өз қолымен тудырып алғандай айтады.

Ұлытауда жерленген. Алашханның моласы сол Шыңғыс қағандікі деп өз қолымен жерлегендей батыл болжамдар жасап, мақалада жазды.

Қайдам?

Бір жазушы солай жазды екен деп өзге әлем Ұлы қағанды қазақ екен деп мойындай қоюы екіталай.

Сондықтан өзге халыққа Шыңғысты қазақ деп айтқаннан гөрі, қағанды «иісі түркі жұртының біртуар ұлы тұлғасы» деп мойындата алсақ та жарады.

Қазақтың өткен тарихындағы ұлы тұлғалары жөнінде бірнеше кітап жазған атақты жазушы Қабдеш Жұмаділ де осындай пікірде. Ол былай дейді:

– Құдайға шүкір, қазір кезінде айтылмаған шындық айтылып жатыр. Тасқа басылып, қатталып жазылып жатыр. Елдің көзі ашылды. Бұрыс пен дұрысты таразылады. Тәубә! Қазір біз жоңғар заманынан өтіп, Шыңғысхан дәуірін зерттеуге көштік. Ұлы қаған ешқандай моңғол емес, таза түркі екенін дәлелдеуге тырысып жатырмыз. «Моңғолдың құпия тарихы», сол секілді Рашид ад-Диннің «Жылнамалар тарихы» секілді дүниелер кезінде дұрыс аударылмаған. Меніңше, әдейі аудармаған секілді. Осыдан келіп қателіктерге ұрындық. Шыңғысхан түрік. Ал осы «түрік» деген сөзді әдейі қоспаған. Сол тарихи дүниелерді қазір қытай тіліне жетік білетіндер қайтадан аударып жатыр. Шындық әлі айтылады. Оның бүкіл нояндары түркі тайпаларынан шыққандар, қайын жұрты, нағашы жұрты қоңырат. Тарихты жетік білетін Мұхтар Мағауин «Шыңғысхан және оның заманы» дейтін төрт томдық кітап жазды. Бар ащы шындық сонда көрсетілген. Өзге де зертеушілер Шыңғысханның түрік екеніне көз жеткізді. Солай деп көрсетуде.

Кейбір империялар тарапынан жүргізілген кезіндегі солақай саясат Шыңғысханды түрік емес, моңғол етіп көрсетуге тырысты. Өйткені ұлы Қағанның түрік екенін мойындау, Шыңғысханды түрік деп тану – сан-салалы түрік жұртын қайта көтеру, рухын оятып жіберу деп ұғып, одан қорықты.

Енді қазір біз ұлы Қағанды қалай да әлемге түрік екенін мойындатуға күш салуымыз керек.

Мәселе,

оны қазақ деп, мына тұрған Түргенде, Жаркентте туған, сол жерде өсіп-өнген деген өтірікті айтпауымыз керек.

Бұрхан-Халдун қайда, Жаркент қайда? Өтіріктің құйрығы бірақ тұтам деген.

Мәселе, Шыңғысханның қазақ болуында емес, мәселе оның «арғы атам ер түрік» деп кешегі алаш зиялылары жырлағанындай, түркі азаматы болуында. Біз осы жағынан келуіміз керек».

Сіз не дейсіз?

Ақшарқат Ахметбек,

Дереккөз: kaz.365info.kz 




Осыған ұқсас:

  1. Қабдеш Жұмаділов: Исі қазақ екі қатын алғанды ар көрмеген
  2. Қабдеш Жұмаділов: С. Мұқановтың еңбегін өзі арқа сүйеген Совет өкіметі жеп кетті…
  3. Қабдеш ағаның қылығына ұялдық
  4. Қ. Жұмаділов: Қазақ орысқа еш уақытта өз еркімен қосылмаған
  5. ҚАЗАҚ ОЯНДЫ… САҒАДИЕВ СОНЫ БІЛЕ МЕ?
  6. ӘЙГІЛІ «ЖАС ҚАЛАМ» ӘНІНІҢ ШЫН ИЕСІ КІМ?

Facebook арқылы пікір жазу



3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. aldiar 3 Қыркүйек, 2018, 15:06

    Армысыз Ақшарқат мырза. Мақалаыңызғды оқығанда байқағаным Шыңғысханның қазақ екеніне толықтай сеніміңіз жоқ сияқты, себебі кекесін, мысқылға ұқсайды кейбір шығарма иелерінің еңбектеріне, сондықтан қытай тілінен аударған Ә Тілеубердніі, соны дәлелдеген жазушы Б Нұржекеев ақсақалды ақымақ санағаныңыз жөн болмады, Жалпы шығарманы саралау- сынау үшін оқымайды, маманы болмағасын, түсініп оқу керек сияқты ішінен керегін алу үшін.

  2. секе 3 Қыркүйек, 2018, 17:56

    Қазақстан зерттеушісі, әуезқой тарихшы Шыңғыс хан ұрпақтарының әлемдегі ең үлкен шежіресін құрастырды, – деп хабарлайд e-history.kz.

    Осы зерттеудің тарихы 15 жыл бұрын басталды. Мамандығы бойынша инженер Анатолий Григорьевич Оловинцов әр уақытта тарихқа қызығып қарайтын болды. Көпшілікке танымал емес деректерді іздеп, көп кітап оқып шықты. Көпті білетін адам болып, әуезқой тарихшы, зерттеуші, жеті кітаптың авторы Шыңғыс хан ұрпақтарының шежіресін құрастырды.

    — Анатолий Григорьевич, шежіреге қарап отырып, соған таңғалып тұрмын. «Түркілер немесе моңғолдар? Шыңғыс ханның дәуірі» атты соңғы кітабыңызды ұстай отырып, бір ғана сауал туады: осымен қалай айналыса бастадыңыз?

    — Шежірені құрастыруға жоғары оқу орындарына арналған Қазақстан тарихы бойынша кітаптары түрткі болған. Оқулықтан-оқулыққа қазақ хандарының шежіресі қайта бастырылады. Осындай сызбалардағы мәліметтер белгілі бір ретте жазылған есімдердің тізбегі ретінде ғана беріледі. Одан артық ақпарат жоқ еді. Оның үстіне, шежіредегі адамның билеген кезеңі және иерархияда одан жоғары орналасқан адамға қатынасы (ұлы, ағасы, немере інісі және т. б.) белгісіз болып қала берген.

    c67118dc57b4838e350f2f0b6c381459.jpg

    Бәріне талдау жасағаннан кейін, басқаша істеу керек деп түсіндім. Кейінгі зерттеуім үшін Н. Назарбаевтың «Халық тарих толқынында» кітабы бағдар болған. «Еуразиялық континеттегі қазақ хандарының шежіресі» деген сызбаны құрастыра бастадым, ал есептеу нүктесі ретінде Шыңғыс ханды алдым. Осы сызбада қолбасшының барлық ұрпақтары (Шыңғыс ханның туылған күнінен бастап келесі 800 жылға дейінгі) көрсетілген. Оны мен 15 жыл бойы құрастырып жаздым. Тарихта бүкіл мәліметтер бар, барлық есімдер мен деректер сақталған, тек қана зерттеу қажет.

    Бұл сегіз жыл бұрын құрастырылған алғашқы сызбам. Қазіргі кезде де керекті мәліметтерді тауып алып, оны толықтыра беремін. Бұл сызба Қазақстанның рекорд кітабына кірді, мұнда әлемде тура осындай шешіренің жоқ екендігі жазылған. Оловинцов осы шежірені құрастырғаны үшін Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі атағын алған. Зерттеуші, белгілі шыңғыстанушы Ғ.ТабылдинАнатолий Оловинцевке зерттеу жолына көмектесті.

    Айта кету керек, сонымен бірге, осы шежіреде Қазақ хандығының негізін салған Жәнібек пен Керейдің толық шежіресі берілген. Олар Шыңғыс ханның 13-ші ұрпағы болып саналады. Кейін қазақ хандарының бөлек шежіресі құрастырылған.

    — Зерттеулерді жүргізгенде, қандай дереккөздерді пайдаландыңыздар?

    — Ғизат Табылдиновпен зерттеулерді жүргізе отырып, араб, парсы, батыс-еуропалық, қытай, ресей дереккөздерін пайдаланып, мұрағаттар және кітапханаларда отыратын болдық. Қажетті ақпаратты тауып алу немесе сызбаға бір есімді қосу үшін ондаған кітаптарды оқып шығу керек.

    a8a19b651f9a096e7da7a0e94cbb2639.jpg

    — Кейінгі зерттеу жұмыстарыңызды қалай жалғастырдыңыз?

    — Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ахметовқа өз сызбамды көрсеткенде, Алматыдағы Ш. Уәлиханов атындағы институттың мамандарына барып келу, сонымен бірге, бар болған мәліметтерге сүйене отырып, кітап жазу керек, деп өз кеңесін берді. Жағрапия маманы Ғизат Табылдинмен бірге «Чингизиды» атты альманахты жаздық. Кітап сызбаны түсіндіретін құрал ретінде жарық көрді. Әр есімнің қасында адамның өмір сүрген жылдары, айналысқан кәсібі-де жазылған. Сонымен бірге, кіммен соғысып жатқаны, саудалық қарым-қатынасқа түскені және басқа мәліметтер де жазылған. Шыңғыс ханның 18 ұлы болды, деп санағанбыз. Бірақ та олардың төртеуі ғана тарихта белгілі болған тұлғалар.

    Анатолий Григорьевичтің болжамы бойынша, моңғолдарды ұлт ретінде деп ұғыну дұрыс емес болады, өйткені моңғолдар деген атау саяси мәнге ие болған: Шыңғыс хан өзінің қол астындағы тайпаларын осылай атаған еді.

    «Түркілер немесе моңғолдар» кітабының соңғы басылуында, — зерттеуші өз әңгімесін одан әрі жалғастыра береді, — «Выводы, или системный анализ из прочитанного за 800 лет» («Қорытындылар, немесе 800 жыл бойындағы оқылғанға жүйелі талдау») деген тарау бар, мұнда моңғолдарды ұлт ретінде түсіну дұрыс емес болады деген тұжырыммен келіскен 50 ғалымның есімдері берілген. Олардың ішінде Оңтүстік Қытайдан Шыңғыс ханның ордасына іс-сапарға жіберілген елші-де бар еді. Ол Моңғолияда моңғолдарды іздеген. Мұндағы көрген адамдарды «кімсің?» деп сұрады. Олар былай деп жауап берген: татармын, найманмын, маңғытпын, кереймін, т. б.. Кеңес Одағында-да осындай жағдай болған, Америкада-да осындай жағдай қалыптасты: демек, кеңестік ұлт не американдық ұлт сияқты ұғымдар жоқ еді. Моңғолияда тура осындай жағдай қайталанған: Шыңғыс хан өзінің қол астындағы тайпаларды біріктіріп, оларға «моңғолдар» деп жалпы атауын берген. Міне, осы атауы былай қалыптасқан еді.

    Шыңғыс хан моңғол емес болған еді

    «Түркілер немесе моңғолдар» кітабында Шыңғыс ханның моңғол емес болғанын дәлелдеп отырмын. Шашы қызғылт сары, көзі сұр түсті, сақалы бар адам болған екен. Басқалардай, түрік тілінде сөйлеген. Міне, дәлелдердің кейбіреулері. 1246 жылы Құйық хан Рим папасы Иннокентий IV-ге хат жазып, сырт жағына мөр бастырған. Мөрдегі мәтін ұйғыр әрпімен түркі тілінде жазылған.

    Сонымен бірге, тағы да бір дәлелі ретінде пайцзаны келтіре аламыз. Пайцза — командирдің мандаты, пайцзалар күмістен, алтыннан жасалып, белбеуге жапсырылған болатын. 20 пайцза табылған, олардың он бірі туралы өз кітабымда жаздым, пайцзалардағы жазулар түркі тілінде жазылған еді.

    Анатолий Оловинцовтың кітабы

    Людмила Выходченко

  3. gulmira 3 Қыркүйек, 2018, 23:35

    Алла жар болсын

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.