Ауыл ақсақалдары 17 жастағы бойжеткенді зорлау туралы үкім шығарды

Пәкістанның Мултан қаласында (Пенджаб провинциясы) масқара жағдай болыпты. 

17 жастағы бойжеткенді зорлауға бұйрық берген 20-ға жуық адам қамауға алынды, деп жазады Pakistan Dawn басылымына сілтеме жасаған 365info.kz.

Ауылдың ақсақалдар кеңесі жаза ретінде «17 жастағы бойжеткенді зорлау керек», деген үкім шығарыпты. Өйткені ол бойжеткеннің ағасы 12 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген екен.

Алдымен жергілікті ақсақалдар билігіне зорланған 12 жастағы қыздың ағасы келіп, «отбасымның абыройы төгілді», деп шағым айтқан екен.

Ақсақалдар өз үкімін шығарғаннан кейін әлгі жігіт өз қарындасын зорлаған жігіттің 17 жастағы қарындасын ауыл кеңесінің және сол қыздың әке-шешесінің көз алдында зорлап тастаған екен.