"Келешекте қазақтар Шыңғысханды ресми түрде бабамыз деп мойындайды"

Өткенде бір ауызашарда болғанымда бір жазушы ағамыз "біз Рашид ад Динді аударып жатырмыз, ой, ол керемет кітап екен" деді.

Егер сіздер Рашид ад Динді білмейтін болсаңыздар, мен қысқаша түсіндіре кетейін. Фазлулах Рашид ад Дин - 13 - 14 ғасырдағы Шыңғысхан ұрпағы жаулап алған Ирандағы, Шыңғыстың шөпшегі Ғазан ханның бас уәзірлерінің бірі. Ол Ғазан ханның бұйрығымен түркі - мұғұлдардың, Шыңғысхан әулетінің, олардың жаулап алған жерлерінің, халықтарының және түркі - мұғұлдардың салт дәстүрі, тілі, киім - кешектеріне шейін жазып мол мағлұмат қалдырып кеткен адам. Ол кісіні сол заманның және Шыңғысхан тарихының нөмірі бірінші тарихшысы десек болады. Күллі совет тарихшылары кезінде осы Рашид ад Динді бұрмалап отырып тарих жазған еді. Атышулы украин тарихшысы В. Белинский "совет тарих ғылымы Рашид ад Динды бұрмалап дұрыс аудармады және оның үш томдық еңбегінің бір томын ғана басып шығарған, қалған екі томы неге аударылмады, совет ғалымдары қандай тарихи шындықтан қорықты?" деген ой тастайды. Енді осы кітап түпнұсқадан қазақшаға аударылып басылып жатыр.

Келешекте қазақтар осы кісінің еңбегінде келтірілген бұлтартпас дәйектерді, басқа да тың деректерді, заманауи ғылымды қоса отырып Шыңғысхан тарихындағы ақиқатты қалпына келтіріп, Шыңғысты ресми түрде бабамыз деп мойындайды. Сонымен ақиқат орнығады деп сенейік. 

Әлі есімде, бір кезде Шыңғысхан тарихының шындығын іздеп кітаптарға үңілген менің жүрегімді осы Рашид ад Диннің бір ғана абзацы зырқ еткізген еді. Ол "мұғұлдар жеті ата санайды және олардың шежіресі бар" деген жолдары бар абзац еді. Одан кейін менің Қағанның қазақ тектілігіне ешқандай күмәнім қалмап еді. Бұл кітап біз үшін үлкен қазына, біз оқып жүрген бір кітаптың өзінде осындай бомба жатыр екен, ана екеуінде не бар екен десеңізші. Осы кітап түбі бізге бабаларымызды қайтаратын болады. 

Сосын күндердің күнінде біз Гумилев атындағы Еуразиялық университетті осы Фазлалах Рашид ад Дин атымен атауымыз да мүмкін, себебі сол Гумилевтарыңыздың өзі кезінде осы Рашид ад Диннен көшіріп жүрген адам еді.

Ал біздің моңғолиялық қандастарымыз қазірден бастап Шыңғыс ақиқаты ашылғанда қалқа моңғолдардың Улан Баторда тұрған Шыңғысхан ескерткішінің алдағы тағдыры туралы сұрастыра бергені дұрыс. Олар ол ескерткішті трактормен сырып тастай ма .... әлде қирата ма, немесе бізге қымбатқа сатуға тырыса ма екен...

Олжас Әбіл,  Qazaquni.kz