«Келешекте қазақтар Шыңғысханды ресми түрде бабамыз деп мойындайды»

Бөлісу:

Өткенде бір ауызашарда болғанымда бір жазушы ағамыз «біз Рашид ад Динді аударып жатырмыз, ой, ол керемет кітап екен» деді.

Егер сіздер Рашид ад Динді білмейтін болсаңыздар, мен қысқаша түсіндіре кетейін. Фазлулах Рашид ад Дин – 13 – 14 ғасырдағы Шыңғысхан ұрпағы жаулап алған Ирандағы, Шыңғыстың шөпшегі Ғазан ханның бас уәзірлерінің бірі. Ол Ғазан ханның бұйрығымен түркі – мұғұлдардың, Шыңғысхан әулетінің, олардың жаулап алған жерлерінің, халықтарының және түркі – мұғұлдардың салт дәстүрі, тілі, киім – кешектеріне шейін жазып мол мағлұмат қалдырып кеткен адам. Ол кісіні сол заманның және Шыңғысхан тарихының нөмірі бірінші тарихшысы десек болады. Күллі совет тарихшылары кезінде осы Рашид ад Динді бұрмалап отырып тарих жазған еді. Атышулы украин тарихшысы В. Белинский «совет тарих ғылымы Рашид ад Динды бұрмалап дұрыс аудармады және оның үш томдық еңбегінің бір томын ғана басып шығарған, қалған екі томы неге аударылмады, совет ғалымдары қандай тарихи шындықтан қорықты?» деген ой тастайды. Енді осы кітап түпнұсқадан қазақшаға аударылып басылып жатыр.

Келешекте қазақтар осы кісінің еңбегінде келтірілген бұлтартпас дәйектерді, басқа да тың деректерді, заманауи ғылымды қоса отырып Шыңғысхан тарихындағы ақиқатты қалпына келтіріп, Шыңғысты ресми түрде бабамыз деп мойындайды. Сонымен ақиқат орнығады деп сенейік. 

Әлі есімде, бір кезде Шыңғысхан тарихының шындығын іздеп кітаптарға үңілген менің жүрегімді осы Рашид ад Диннің бір ғана абзацы зырқ еткізген еді. Ол «мұғұлдар жеті ата санайды және олардың шежіресі бар» деген жолдары бар абзац еді. Одан кейін менің Қағанның қазақ тектілігіне ешқандай күмәнім қалмап еді. Бұл кітап біз үшін үлкен қазына, біз оқып жүрген бір кітаптың өзінде осындай бомба жатыр екен, ана екеуінде не бар екен десеңізші. Осы кітап түбі бізге бабаларымызды қайтаратын болады. 

Сосын күндердің күнінде біз Гумилев атындағы Еуразиялық университетті осы Фазлалах Рашид ад Дин атымен атауымыз да мүмкін, себебі сол Гумилевтарыңыздың өзі кезінде осы Рашид ад Диннен көшіріп жүрген адам еді.

Ал біздің моңғолиялық қандастарымыз қазірден бастап Шыңғыс ақиқаты ашылғанда қалқа моңғолдардың Улан Баторда тұрған Шыңғысхан ескерткішінің алдағы тағдыры туралы сұрастыра бергені дұрыс. Олар ол ескерткішті трактормен сырып тастай ма …. әлде қирата ма, немесе бізге қымбатқа сатуға тырыса ма екен…

Олжас Әбіл, 

Qazaquni.kz

Бөлісу:

Facebook арқылы жазылған пікірлер

Сайтта 4 пікір жазылған

  1. Фидель 26 Тамыз, 2018 17:07 Жауап

    Шыңғысхан моңғол ғой! Осы қазақ қызық, арамызда Шыңғысханды қазақ етуге қаншама жылдан бері талпынып келе жатқандар бар. Рас, қазақты қаншама ғасырлар бойы Шыңғысхан ұрпақтары басқарды, бірақ халық қазақ қой! Ел басқарған олардың өзі уақыт өте келе қазақтанып, ұлтымызға сіңісіп кеткен болатын. Одан да халыққа пайда әкелетін, тиімді жұмыстармен айналыссақ болмай ма? Олжас Әбіл, уақытымызды дайын тарихты бұзуға емес, шет елден келіп жатқан дайын технологияны игеруге жұмсайық! Осы технологияларды елімізде жасауға тырысайық, жастарды соған үндейік! Осы мәселелердің жұмбақ тұстарын халыққа жеткізуге арналған мақалалар жазсаң, нұр үстіне нұр болар еді!

  2. Шагырай 30 Тамыз, 2018 15:18 Жауап

    Шындыгында мангол сози Шынгысханын бытырап журген ру тайпалардын басын косып,ел кылганнан кейн мын кол,жуз кол,он колга болип атаган созинен шыккан.Сонынан тутас мемлекет кылып Алтын орда курды .Шынгысканнын акеси Есугей олда кошпенди,кииз уйде оскен,киат тайпасынынын,буржугин руынан .Шешеси Олун конырат руынынын кызы. Есугей Олунды меркит руынын косеми Токтабектин инисинен тартып алып келгенде Шынгыхан шешесинин курсагында болган. Конырат казирги казак ишиндеги ру болса ал меркит осы казак ишине синип кеткен ру тайпалардын бири.Туптеп келгенде бизди казак кылып,бизге казак деген атау берип ,шашыраган рулардын басын косып казак деген ел курган,сол Шынгысханнын улкен баласы Жошынын урпактары Керей мен Жанибек емес пе.Ал Жошынын ким екенин билмейтин казак жок шыгар.Будан кейн Шынгысханды калай биздин бабамыз деп айта алмаймыз.Бул создериме далел сурасандар,Рашид ад Динді аударуын кутпей ак,озимиздин тол тилимизде жазылган Ильяс Есенберлиннин уш томдык алмас кылышын окысандар болады.

    • 77017808177 30 Тамыз, 2018 22:48 Жауап

      Шағырай,\ Шеркеш-Қосым ұраны\ май шам ұстап тұрған кісіше сөйледің, анадан анау, мынадан мұнау деп,ал фактілер басқаша, алысқа бармай Шыңғысханның өзі екінші ұлы Жолшыны Алашым деп кеткені тарихи факт. Оқып жүргенің ескі материал екенін біліп отырмын, Өзіңнің қате пікіріңде айтып тұр Шыңғысханның да Жолшыныңда қазақ екенін,түрк-қазақ меркіт- халха-қалмақ демеген шығар І Есенберлин, осыны оқыған кісі түсінетін шығар деген оймен жазған тар заманда, қайдан білсін кемеңгер сенің басзаша түсінетініңді, сонлықтан бауырым түсініп оқы, сосын пікіріңді жаз, тек таза жазшы,қазақша

  3. секе 3 Қыркүйек, 2018 18:01 Жауап

    Қазақстан зерттеушісі, әуезқой тарихшы Шыңғыс хан ұрпақтарының әлемдегі ең үлкен шежіресін құрастырды, – деп хабарлайд e-history.kz.

    Осы зерттеудің тарихы 15 жыл бұрын басталды. Мамандығы бойынша инженер Анатолий Григорьевич Оловинцов әр уақытта тарихқа қызығып қарайтын болды. Көпшілікке танымал емес деректерді іздеп, көп кітап оқып шықты. Көпті білетін адам болып, әуезқой тарихшы, зерттеуші, жеті кітаптың авторы Шыңғыс хан ұрпақтарының шежіресін құрастырды.

    — Анатолий Григорьевич, шежіреге қарап отырып, соған таңғалып тұрмын. «Түркілер немесе моңғолдар? Шыңғыс ханның дәуірі» атты соңғы кітабыңызды ұстай отырып, бір ғана сауал туады: осымен қалай айналыса бастадыңыз?

    — Шежірені құрастыруға жоғары оқу орындарына арналған Қазақстан тарихы бойынша кітаптары түрткі болған. Оқулықтан-оқулыққа қазақ хандарының шежіресі қайта бастырылады. Осындай сызбалардағы мәліметтер белгілі бір ретте жазылған есімдердің тізбегі ретінде ғана беріледі. Одан артық ақпарат жоқ еді. Оның үстіне, шежіредегі адамның билеген кезеңі және иерархияда одан жоғары орналасқан адамға қатынасы (ұлы, ағасы, немере інісі және т. б.) белгісіз болып қала берген.

    c67118dc57b4838e350f2f0b6c381459.jpg

    Бәріне талдау жасағаннан кейін, басқаша істеу керек деп түсіндім. Кейінгі зерттеуім үшін Н. Назарбаевтың «Халық тарих толқынында» кітабы бағдар болған. «Еуразиялық континеттегі қазақ хандарының шежіресі» деген сызбаны құрастыра бастадым, ал есептеу нүктесі ретінде Шыңғыс ханды алдым. Осы сызбада қолбасшының барлық ұрпақтары (Шыңғыс ханның туылған күнінен бастап келесі 800 жылға дейінгі) көрсетілген. Оны мен 15 жыл бойы құрастырып жаздым. Тарихта бүкіл мәліметтер бар, барлық есімдер мен деректер сақталған, тек қана зерттеу қажет.

    Бұл сегіз жыл бұрын құрастырылған алғашқы сызбам. Қазіргі кезде де керекті мәліметтерді тауып алып, оны толықтыра беремін. Бұл сызба Қазақстанның рекорд кітабына кірді, мұнда әлемде тура осындай шешіренің жоқ екендігі жазылған. Оловинцов осы шежірені құрастырғаны үшін Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының академигі атағын алған. Зерттеуші, белгілі шыңғыстанушы Ғ.ТабылдинАнатолий Оловинцевке зерттеу жолына көмектесті.

    Айта кету керек, сонымен бірге, осы шежіреде Қазақ хандығының негізін салған Жәнібек пен Керейдің толық шежіресі берілген. Олар Шыңғыс ханның 13-ші ұрпағы болып саналады. Кейін қазақ хандарының бөлек шежіресі құрастырылған.

    — Зерттеулерді жүргізгенде, қандай дереккөздерді пайдаландыңыздар?

    — Ғизат Табылдиновпен зерттеулерді жүргізе отырып, араб, парсы, батыс-еуропалық, қытай, ресей дереккөздерін пайдаланып, мұрағаттар және кітапханаларда отыратын болдық. Қажетті ақпаратты тауып алу немесе сызбаға бір есімді қосу үшін ондаған кітаптарды оқып шығу керек.

    a8a19b651f9a096e7da7a0e94cbb2639.jpg

    — Кейінгі зерттеу жұмыстарыңызды қалай жалғастырдыңыз?

    — Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ахметовқа өз сызбамды көрсеткенде, Алматыдағы Ш. Уәлиханов атындағы институттың мамандарына барып келу, сонымен бірге, бар болған мәліметтерге сүйене отырып, кітап жазу керек, деп өз кеңесін берді. Жағрапия маманы Ғизат Табылдинмен бірге «Чингизиды» атты альманахты жаздық. Кітап сызбаны түсіндіретін құрал ретінде жарық көрді. Әр есімнің қасында адамның өмір сүрген жылдары, айналысқан кәсібі-де жазылған. Сонымен бірге, кіммен соғысып жатқаны, саудалық қарым-қатынасқа түскені және басқа мәліметтер де жазылған. Шыңғыс ханның 18 ұлы болды, деп санағанбыз. Бірақ та олардың төртеуі ғана тарихта белгілі болған тұлғалар.

    Анатолий Григорьевичтің болжамы бойынша, моңғолдарды ұлт ретінде деп ұғыну дұрыс емес болады, өйткені моңғолдар деген атау саяси мәнге ие болған: Шыңғыс хан өзінің қол астындағы тайпаларын осылай атаған еді.

    «Түркілер немесе моңғолдар» кітабының соңғы басылуында, — зерттеуші өз әңгімесін одан әрі жалғастыра береді, — «Выводы, или системный анализ из прочитанного за 800 лет» («Қорытындылар, немесе 800 жыл бойындағы оқылғанға жүйелі талдау») деген тарау бар, мұнда моңғолдарды ұлт ретінде түсіну дұрыс емес болады деген тұжырыммен келіскен 50 ғалымның есімдері берілген. Олардың ішінде Оңтүстік Қытайдан Шыңғыс ханның ордасына іс-сапарға жіберілген елші-де бар еді. Ол Моңғолияда моңғолдарды іздеген. Мұндағы көрген адамдарды «кімсің?» деп сұрады. Олар былай деп жауап берген: татармын, найманмын, маңғытпын, кереймін, т. б.. Кеңес Одағында-да осындай жағдай болған, Америкада-да осындай жағдай қалыптасты: демек, кеңестік ұлт не американдық ұлт сияқты ұғымдар жоқ еді. Моңғолияда тура осындай жағдай қайталанған: Шыңғыс хан өзінің қол астындағы тайпаларды біріктіріп, оларға «моңғолдар» деп жалпы атауын берген. Міне, осы атауы былай қалыптасқан еді.

    Шыңғыс хан моңғол емес болған еді

    «Түркілер немесе моңғолдар» кітабында Шыңғыс ханның моңғол емес болғанын дәлелдеп отырмын. Шашы қызғылт сары, көзі сұр түсті, сақалы бар адам болған екен. Басқалардай, түрік тілінде сөйлеген. Міне, дәлелдердің кейбіреулері. 1246 жылы Құйық хан Рим папасы Иннокентий IV-ге хат жазып, сырт жағына мөр бастырған. Мөрдегі мәтін ұйғыр әрпімен түркі тілінде жазылған.

    Сонымен бірге, тағы да бір дәлелі ретінде пайцзаны келтіре аламыз. Пайцза — командирдің мандаты, пайцзалар күмістен, алтыннан жасалып, белбеуге жапсырылған болатын. 20 пайцза табылған, олардың он бірі туралы өз кітабымда жаздым, пайцзалардағы жазулар түркі тілінде жазылған еді.

    Анатолий Оловинцовтың кітабы

    Людмила Выходченко

Пікір немесе жауап жазу