"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Әйгілі Рой Джонс қазақ боксшыларымен кездесті (ВИДЕО)

Төрт салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы әрі 1988 жылы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Рой Джонс  бокстан Қазақстан құрамасымен кездесті, – деп хабарлайды vesti.kz.

Америкалық былғары қолғап шебері Астанадағы ұлттық құраманың базасына қарағандылық «Шахтер» футбол клубының жейдесін киіп келген.

«Джонс базаға күтпеген жерден келді. Негізі оны басқа бір спорттық шараның қонағы болуға шақырған, алайда Азиадаға дайындық шаралары жүріп жатқанын есітген ол біздің боксшыларымызбен жүздесуді қалаған», – делінген ҚБФ ресми сайтында.

Базада Джонс боксшылармен және ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановпен сөйлесті. Ол құрамаға Азиада ойындарында абыроймен өнер көрсетуді тіледі.

«Сіздердің бірнеше алтын медальдарды алатындарыңызды білемін. Мен қазақстандық бокс тарихын білемін, әлемде сіздердің өз орындарыңыз бар. Әуесқой бокста және кәсіпқойда да қазақстандықтар сан мәрте өз мықтылықтарын көрсетті – сол себепті сіздер бүгінде ең мықты командасыздар, сіздердің жеңіске жететіндеріңізге сенемін», – Джонс.




Осыған ұқсас:

  1. «Астана Арландарының» бас бапкері: Өзбектің қолын көтергенде үстімнен мұздай су құйып жібергендей болды
  2. «Канеломен» жекпе-жектен кейін дәрігерлер Головкинге 8 тігіс салған
  3. Головкин “Канелодан” жеңілісіне қатысты пікір білдірді
  4. Головкин Альварестен жеңіліп қалды
  5. Қазақ боксшылары Азия ойындарында алғаш рет алтын алмады
  6. «Астана арландары» Президент кубогында 5 алтын медаль олжалады

Facebook арқылы пікір жазу



5 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. КӨГЖАЛ 15 Тамыз, 2018, 13:25

    Қазақтың жігіттері, жастары арлан ғой, арлан. Намысты.

  2. КӨГЖАЛ 15 Тамыз, 2018, 13:26

    Олимпиадада біздің жігіттер медальсіз қайтпаған. Жас болса да бір алтын жұлып әкеліп жүргені анық.

  3. КӨГЖАЛ 15 Тамыз, 2018, 13:29

    Бізді әлем осындай қазақ жастарының арқасында держава санап жүргені бар. Сондықтан бұл жастарды қолдау керек.

  4. КӨГЖАЛ 15 Тамыз, 2018, 13:40

    Бекзат Саттарханов деген жап жас, жиыр ма жасында, алтыннан алқа тағынған еді. Қазір де ондай қазақ жастары бар.

  5. КӨГЖАЛ 15 Тамыз, 2018, 13:41

    Жасасын қазақ жастары!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.