ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БАСЫЛЫМДАРДЫҢ ҚАРЛЫҒАШЫ

11-тамыз «Қазақ үні» газетінің туған күні. Осынау қуанышты күні басылымның бір жылдығында ақ тілегін білдірген ұлт қайраткерлері мен елімізге белгілі ақын-жазушылардың құттықтауларын қайта жариялауды жөн санадық.

ХАЛЫҚ МҰҢЫН МҰҢДАҒАН

Халқымыздың арын арлап, мұңын мұңдап, ел алдындағы ұлы мұраттарды байсалды да батыл көтеріп келе жатқан « Жас қазақ үні » ұлы арманның қайсар да қажырлы жоқшысы бола берсін.

Академик Рахманқұл Бердібай

 

АЙТҚАН СӨЗІ ДУАЛЫ

«Жас қазақ үні» газетінің Бас редакторы Қазыбек Исаға

 Сізді, сіз арқылы азет ұдымын және оқырмандарын айтары анық, бояулы қанық, өз үні, өз қолтаңбасы бар басылымның бір жасқа толған тұсаукесер тойымен құттықтаймын. Ұлы ұстазымыз Мұхаң – Мұхтар Әуезов: «Әр газеттің өз қолтаңбасы болуы керек» деп қадап айтқан еді. «Жас қазақ үні» өзінің алғашқы санынан бастап осы қатаң талаптың биік деңгейінен көрініп келеді. Маған газеттің өзге пікірлер жетегінде кетпей, өз көз қарасынбатыл айтып, дәлелдей алатын әділдігі, жаңашылдығын қатты ұнайды. Нарықтық қатынастар кезеңіндегі қатаң бәсекелестікке өз оқырманын тауып, халықтық қолдауға ие болып отырған «Жас қазақ үнінің» болашағын үлкен үміт күтемін.             Парасат, білім бұлағы,             Айтқан сөзі дуалы             Жасай берсін             «Жас қазақ» -           Әділдіктің сөнбес шырағы!

Зор құрметпен,

Сәбит ДОСАНОВ, жазушы

 

ЖАҢА ҒАСЫРҒА САЙ ЖАҢАША БАСЫЛЫМ

Тоқсаныншы жылдардың басында демократиялық басылымдардың қарлығашы іспетті «Жас қазақ» газеті жарқ етіп шығып еді. Бүгінгі «Жас қазақ үні» газеті жаңа заман талабына сай жарық көріп келеді. Әдеби – мәдени өміріміздің тынысын білдіруде де жас басылым өзіндік үгнін танытуда. Нарықтың қиындығына қайыспай қайсарлық көрсетіп келе жатуы сүйсіндіреді. «Жас қазақ үні» газеті әдебиет пен өнердегі жас дарындардың ұясына айнала берсін деп тілеймін.

Ұлықбек ЕСДӘУЛЕТ

Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауераты

 

ТЕРЕҢ БІЛІМ ТЕРБЕГЕН

«Жас қазақ үні» газетінің басты тақырыбы – терең білім мен рухани байлық, яғни еліміздегі жастар проблемасы екені белгілі. Газет осы бағытқа барынша басымдық беріп, жүйелі түрде қозғап келеді. Әсіресе, жоғары білімнің бүгінгі күндегі жағдайы мен болашағы жөнінде терең талдаған материалдары өзінің қалың оқырмандарын тауып, газеттің бағГазет осы бағытқа барынша басымдық беріп, жүйелі түрде қозғап келеді. Әсіресе, жоғары білімнің бүгінгі күндегі жағдайы мен болашағы жөнінде терең талдаған материалдары өзінің қалың оқырмандарын тауып, газеттің бағасын арттырып жүр. ХХІ ғасырға лайық зерделі де, білімді жастар тәрбиелейтін, әлеуметтік – экономикалық ажарымызды ашып көрсететін беделді басылым бола беріңдер. Оқырмандардың ойынан шығып, олардың күннен – күнге көбейе беруіне тілектеспін.

Оразалы СӘБДЕН,

Қ.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің Президенті

 

МАҢЫЗЫ ЗОР ГАЗЕТ

«Жас қазақ үні» газет атына сай жалындап келеді. Ұлт мүддесі мен Тәуелсіз Қазақстан болашағы үшін жастардың рөлі қандай зор болса осы тақырыпты басты бағдар етіп алған басылымның маңызы зор деп білемін. Газет бетінде биліктің бір бұтағы – Заң шығарушы орган – Парламент тынысы да жиі көрсетіліп келеді. Еліміздің әлеуметтік – мәдени келбеті бедерлеуге белсенділік танытып жүр. Басылымға баянды бақыт тілеймін.

Мырзакелді КЕМЕЛ

Мәжіліс депутаты

 

НАРЫҚҚА ШЫДАС БЕРГЕН НАР БАСЫЛЫМ

«Жас қазақ үні » бар болғаны бір жасында – ақ өзіндік арналы ағысына салмақты қанат қағысып сайлап, еңсесін ерекшелеп, бағытын бөлшектеп, жалыны мен шалымын өзгешелеп үлгергенін көкірек көзі ояу елгезек қауымының барынша бағалай білгені қуантады. Ең бастысы, қазіргі тауелді – тауелсіз бар қаптаған басылымдардың ішінен өз бет-бейнесі мен нақты орнын иеленіп отырғанын газеттің басты жетістігі деп санау керек. Бұл орайда, бір жастағы басылымның көтеріп отырған жүгінің ауқымдылығы өз – өзінен сезілсе керек-ті. Рухани өмірдің сан саласынан саналы сөз қозғауға тырысып келе жатқан жас басылымның бар жүгін көтеру үлесімізге тиген соң, болашақта басты бағдардан жаңылмауға күш салып, қоғам өмірінің бар қырына мүмкіндігінше қалам қуатын жұмсай беруге жазсын дейміз. «Жас қазақ үні » жаңа ғасырда жастыққа тән қуатпен, жасымас жігермен алға қарай батиыл адамдай береріне бек сенімдіміз. Ол үшін ақылды – басшы ғып, талапты – жетекші етіп, ойды – шолғыншы ғып, сабырды – қорғаншы етіп, арды – қымбатты ғып, барды – қастерлі етіп көрсете бермекпіз.

Төреғали ТӘШЕНОВ

"Жас қазақ үні" газетінің

Бас редакторының орынбасары

 

БІРЛІКТЕ БАР БЕРЕКЕ

Жалын жастықтың байрағын желбіретіп, басты бағдарды ұлт болашағы еткен басылымның ғұмырлы боларына сенемін. Газет бетіндегі жастар тәрбиесіне байланысты жүйелі әңгіме маңызды тақырыптар ешкімді бей – жай қалдырмайды ғой деп білемін. Бүгінгідей рухани жұтандыққа бет алған қоғам өміріндегі келеңсіздіктердің себеп – салдарын ашу арқылы замандастарыма ой салаларлық жайларды газет бетінен жиі оқимын. Шағын ұжым болса да, шабытты шағы көп шығармашылық иелерімен бірге жұмыс істеу маған қанағат сезімін сыйлайды. Кейде қолыма қалам алып, өзімді толғантқан жайларды ақ қағаз бетіне жазып тастағым кеп тұратыны да сондықтан «Жас қазақ үні» жастқы туын жықпай, ешкімнен, ештеңеден ықпай, жасай бер!

Нәзира БАЙЫРБЕКОВА, тілші

«Жас Қазақ үні» газеті №31(42) 9 тамыз, бейсенбі, 2001 жыл

(Материал "Қазақ үні" газетінің архивінен алынды)

qazaquni.kz