Сайрагүл Сауытбайдың үйіне ұры түсті-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Сайрагүл Сауытбайдың үйіне ұры түсті

Белгілі тележурналист Сәуле Әбілдаханқызы жақында ғана істі болған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайдың қауіпсіздігіне алаңдайтынын бұған дейін де айтқан болатын. Үрейленгендеріндей-ақ бар екен, Сайрагүлдің үйіне ұры түскен, – деп хабарлайды sn.kz.

Сайрагүлдің үйіне ұры түсті. Еркек аяқ киімінің ізі қалған. Әлде терезеден кірген адамның мақсаты басқа болды ма? Өйткені үйден ешнәрсе жоғалмаған.

Бұл ақпаратты үш күннен бері жарияламай тұра тұрайық, әліптің артын бағайық дегенбіз. Адвокат Абзал Құспан дереу құзырлы органдарға да хабарласып, Сайрагүлдің және оның отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы өтініш жолдаған. Әзірге жауап жоқ.

Сайрагүлдер жергілікті полицияны шақырған. Бірақ олар Сайрагүлдің кім екенін де білмейді, оның жағдайынан да бейхабар екен! Бүкіл қоғам болып қызу талқылаған, халықаралық сипат алған істен сол ауылдың полицайы хабарсыз! Негізгі кейіпкерді де білмейді! Кәсіби сауатсыздық деген осы…

Терезеден кім түскенін көршілер көрген. Полиция кезекті «іздейміз, табамызды» айтып кете барған. Неғылған бейқам мемлекет болдық. Бәріне бәрібір.

Сайрагүл – көптің бірі емес, оған «қызығушылардың» саны көп. Оның өміріне Қазақстан мемлекеті жауап бермесе, басқа кім жауапты? Мен бе? Адвокат Абзал Құспан ба? Мен 3-4 күн «қарауылдадым». Енді қашанғы олар «қашып» жүруі керек?», – деп жазды журналист өзінің Facebook-парақшасына.

Еске сала кетейік, Сайрагүл Сауытбайдың үстінен Қорғас кеден бекетін заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық іс қозғалған болатын. Жаркенттегі Панфилов соты оны 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырды.




Осыған ұқсас:

  1. «Сайрагүлден Рәбия жасаудың керегі жоқ!» – белгілі журналист
  2. Сайрагүл Сауытбай тумысынан қолында «Алла» сөзі барын айтты (видео)
  3. Абзал Құспан. Сайрагүл Сауытбай туралы не білеміз?
  4. Қазыбек Иса. ҰЛЫ ҚЫТАЙ ҚОРҒАНЫН БҰЗЫП ӨТТІҢ !..
  5. ҚАРЫНДАСТЫҢ КӨЗ ЖАСЫ
  6. СҮЙІНШІ ҚАЗАҚ! АЛАШТЫҢ БАТЫР ҚЫЗЫ САЙРАГҮЛ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ!

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.