"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қазақ халқын «гомосексуалдардың ұрпағы» деген Горожанкиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Оңтүстік халқы бұрындары малмен жыныстық қатынасқа түсіп, гомосексуалист болған» деген пікір айтып, қоғамды шулатқан Константин Горожанкиннің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрлігіне оның үстінен арызды Ақпарат және байланыс министрлігі түсіріпті. Бұл жайында Qazkontent АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов мәлімдеді, – деп жазды sn.kz.

Еске салайық, Горожанкин дәл осы Qazkontent компаниясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры екені бұған дейін хабарланған болатын. Алайда, Е.Кочетов оның осынау даулы пікірінен кейін Директорлар кеңесі құрамынан шығарылғанын да хабарлап отыр.

«Ақпарат және коммуникациялар министрлігі тарапынан Горожанкиннің пікірі бойынша ІІМ-не ресми xат жолданды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 174-бабымен (әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) Алматы қаласының ІІД 8 тамыз күні СДТБТ тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол Qazcontent АҚ Директорлар Кеңесінің мүшесі қызметін ақысыз атқарады. Нақтырақ айтар болсақ, штатта болмады және жалақы алмады. сы уақыт аралығында оның жұмысына ескертулер болған жоқ. Алайда оның соңғы пікірі Qazcontent АҚ жұмысымен үйлеспейді, осыған байланысты ол Директорлар Кеңесінің құрамынан шығарылды және бұдан былай Qazcontent АҚ Тәуелсіз директор емес», – деп жазды Qazcontent АҚ басшысы өзінің Facebook-парақшасына.

Еске салайық, Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы зорланды деген 7 жасар баланың ісіне қатысты үш жеткіншектің жауапкершіліктен босағаны айтылғаннан кейін, әлеуметтік желі қолданушылары кінәлілерді іздей бастаған. Яғни, балалардың мұндай азғындыққа баруына не себеп болғанын жұрттар жарыса жазып жатты. Ал, Kondrat Arcanov есімді желі қолданушысы: «жемқорлық пен рушылдықтың өршуі түсінікті, бірақ ол жақтағы жастардың арасында гомосексуализмнің осыншама өршуіне не себеп?» деген сауал тастаған болатын. Оның сауалына Константин Горожанкин былай жауап берген:

«Бұл генге байланысты. 19 ғасырда Қазақстанда болған саяхатшылардың жазбаларында жергілікті тұрғындардың малмен жыныстық қатынасқа түсетіні және гомосексуалдық қатынастары туралы көп айтылған».

Горожанкиннің осынау пікірі қоғамда қызу талқыға түсіп, әлеуметтік желі қолданушылары оны сотқа беретіндерін мәлімдеген болатын.




Осыған ұқсас:

  1. «Засретесь здесь без русских»: Қазақтарға тағы да тіл тигізді
  2. Қазақ халқын «мамбеты» деп атаған ұйғыр қызы қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек
  3. Тағы бір орыстілді журналист қазақтардың ар-намысын таптады (ФОТО)
  4. Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр
  5. «Қазағым!» деп шырылдау – ұлтараздықты қоздыру ма?!.

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.