Исекешев, Сәтжандар оқулықтан алынып тасталды

[caption id="attachment_88503" align="aligncenter" width="652"] Фото: Stan.kz[/caption]

«Өлкетану» оқулығына Әсет Исекешев пен тележүргізуші Майя Бекбаева, Динара Сәтжан сияқты адамдардың еніп кеткені туралы шыққан мақала авторы, sputniknews.kz тілшісі, журналист Әйгерім Таубай өз парақшасында енді бір қуанышты жаңалығын жеткізді.

Оқулықтарды басып шығаратын «Алматыкітап» баспасы шошып кетсе керек, оқулықтың бұл нұсқасы жарық көрмейтін болды деп, жалма-жан мақала авторына хабарласыпты.

«Кеше Әсет Исекешев пен Динара Сәтжанның жаңа оқулыққа енгенін жазған едім. Бүгін Алматыкітап баспасынан xабарласып, бұл нұсқаның өзгертілгенін, министрлікке суреттегі екінші үлгінің жіберілгенін айтты»,

деп жазады Әйгерім Таубай.

Сосын мына суретті жариялапты:

«Өлкетану. Астана» оқулығы туралы 5-7-сыныптарға арналған «Өлкетану. Астана» оқулығы «Рухани жаңғыру» аясында жазылып жатқаны баршаңызға мәлім. Қазіргі таңда талқыға түскен оқулықтың жобасына блогерлер туралы мәліметті расында да авторлар ұжымы алғашында «Туған өлке публицистика беттерінде» айдарымен ұсынған болатын. Публицистиканың бір элементі ретінде қазіргі танымал блогерлерді көрсеткен авторлық ұжымның жобасы, алайда, оқулықтың соңғы нұсқасына кірген жоқ. «Өлкетану» оқулықтары бойынша шілде айында өткен мемлекеттік сараптамада сарапшылардың ұсынысымен оқулықтан блогерлер туралы мәлімет алынып тасталған.

Баспасөз конференциясында журналистерге ұсынылған бірнеше нұсқаның ішінде назарға ілінгені — блогерлер сияқты мәліметтері ауыстырылатын, аздаған өңдеуді қажет ететін нұсқасы.

Оқулықтарды басылымға дайындау жұмысы алдағы қыркүйек айында мәресіне жетеді деп жоспарлап отырмыз.

PS. Суретте оқулықтың алғашқы нұсқасы және соңғы нұсқасы,- депті Алматыкітап баспасының баспасөз қызметі

kaz.365info.kz