Үкімет жастардың кәсіптік бағдарына көңіл аударды-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Үкімет жастардың кәсіптік бағдарына көңіл аударды

Бұрындары да көңіл аударылып келді ғой, мәселе нақтырақ мән берілуде. Өткен аптада Елбасымен кездескен Үкімет басшысына жастарға, олардың біліміне көңіл аударылуы жайлы мәселелер қозғалғандығын білеміз. Осының себебінен, бұл жолы Үкімет енді жастардың біліміне, оның ішінде мамандықты бағдарлау саласына жете назар аударуды, соның механизмдерін жасақтауды тапсырып отыр. Әсіресе, арнайы маманданған білім саласындағы техникалықсалаға, кәсіптік білімге ерекше ұстанымдарды атап өтті.
Өз басым, екі қолымды қолдап келген осы бағытқа жан бітуін қалаған едім.
2017 жылдан бастап, Елбасының қолдауымен еліміздегі барлық кәсіптік білім тегін бөлімге көшіп, Үкіметтен қыруар гранттар бөлінді. Аймақтардағы кәсіптік білім оқу орындары қайтадан түлеп, инновациялық кемелденіп, жанданып кетуі күтілген еді.
Бүгінгі Үкіметтің отырысы ерекше болды.
Қанша уақыттан бері кәсіптік білімнің маңыздылығы жөнінен арнайы ғылыми мақаламда жариялап, Германия, Канада, Австрия елдерінің әлемдік тәжірибелерімен салыстырған дүниелерді ұсынып келемін. Расымен, бізде баланың мамандыққа баулу, бағдарлау саласын кемшін келуде. Көп ата-ана кәсіптік білімге 9 сыныптан бастап атүсті қарастыратын әдетті қалыптастырған. Әрине, егер де білім саласы тиісті құзырлы мекемелермен осы бағдарлау бағытын алдын ала жүйелі механизмге негіздесе, бүгінгі ахуалдың нәтижесі болмас еді.
Жоғары да аталған шет елдерінде – бала-бақша, бастауыш сыныптарында, бесінші сыныптан бастап кәсіптік бағдарлауды, үкіметтік емес ұйымдар, өзге министрліктердің қатысуымен жүзеге асырады. Көп мектепте оқитын түлектер қабілетіне қарай ерте кезінен мамандықты анықтап кәсіптік білімге жұмылып кетеді. Атақты Вольсгваген, Мерседес-бенс зауыттары осы аталған кәсіптік білімнің мамандарының қолынан шығатынын бірі білсе, бірі біле бермейді.
Тек біздің елде ғана аталған елдердің тәжірибесінен айырмашылығы кәсіптік біліміміз тегін болып есептеледі. Әрине, бұл үлкен көмек. Шет елде алды 2000-4000 еуроға дейін ақысын беріп оқытып жатқан кезде, отандық тәжірибемізде осымен ғана мақтана аламыз.
Сөзсіз, егер еңбек адамын тәрбиелегіміз келсе, Елбасының «Еңбекке жиырма қадамы» атты мақаласында айтылғанындай баланың жастайынан еңбекке қабілетіне қарай қасиетін анықтап, баулу саясаты дұрыс жолға қойылу керек». Сол үшін де үкіметтік сағаттың осы бағытқа аса назар аударып жатқан бастамалары өте орынды.
Еңбек кәсібиленбей, қажетсіз мамандықтарға ұмтыла бермей, баланың қалаған техникалық-кәсіптік қызығушылығына қарай білімді бермей, жалпы еліміздің өндірістік даму бағыты күшеймейді. Лайым жастардың мүддесіне қарай жасалып жатқан білімдік һәм кәсіптік мемлекеттік бағыты оң қырымен түсе бергей…

Мақсат Жақау,

Қазақ үні



Осыған ұқсас:

Facebook арқылы пікір жазу



7 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. КӨГЖАЛ 16 Тамыз, 2018, 15:17

    Мақсат бауырымыз өте дұрыс айтып отыр, жастарға бар назарды бұру керек.

  2. КӨГЖАЛ 16 Тамыз, 2018, 15:17

    Жастар елдің ертеңі. Осыны қаншалықты ерте түсінсек, соншалықты жақсы болары анық.

  3. КӨГЖАЛ 16 Тамыз, 2018, 15:18

    Сингапурдың халық 5 млн, Қазақстандағы жастар саны 5 млн. Бірақ біздің айырмашылығымыз, жастардың потенциалын бағалай алмауымызда және оларға мүмкіндік жасап бермеуімізде.

  4. КӨГЖАЛ 16 Тамыз, 2018, 15:19

    Жастар шетелге кетіп жатыр, анда кетіп жатыр, мында кетіп жатыр дейміз! Әрине кетеді. Өйткені мұнда оларға ешқандай мүмкіндік жоқ.

  5. КӨГЖАЛ 16 Тамыз, 2018, 15:21

    Сәл қабілетті жастың бәрі өзге елге кетіп қалмасын десек, Мақсат айтқан мәселені реттеу керек.

  6. КӨГЖАЛ 16 Тамыз, 2018, 15:23

    Жастарды белгілі бір кәсіп маманы ету үшін, оларды осы тұрғыдан дайындау керек.

  7. КӨГЖАЛ 16 Тамыз, 2018, 15:24

    Барынша узкопрофильный жас мамандар шығаруға міндеттіміз.

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.