АТЫҢА САЙ ӘРДАЙЫМ ЖАРҚЫРАҒЫН!

  Бүгін елдің сүйікті әнші-актрисасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, өнер жұлдызы Меруерт Түсіпбаева 17+(30) жасқа толып отыр екен.   Үнемі шындық үшін шырылап жүретін, әділдікті ашық айтатын әншіге  Мерекең Берекеге ұлассын, Алла жар болып, Жұлдызың  жарқырай берсін дейміз. Айқастарда өзіңе көп қарадық, Сайрагүлді қорғадың сотқа барып, Баян сұлу үшін де шындықты айтып, "Баяндармен" алыстың отта қалып... Өрінде де өнердің артып арын, Ән айтудан шығады бар құмарың. Сүйіктіісі  елінің МЕРУЕРТ қыз,  Атыңа сай әрдайым жарқырағын! Қазыбек ИСА