"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



ҚОРҒАНСЫЗ баланы ҚОРҒАҒАН  Бауыржан Азановтың ӨЗІН ҚОРҒАУЫМЫЗ КЕРЕК !..

 

БҮГІН СІЗ ҮНДЕМЕСЕҢІЗ, ЕРТЕҢ СІЗДІҢ БАСЫҢЫЗҒА КҮН ТУҒАНДА, БАСҚАЛАР ДА ҮНДЕМЕЙДІ!

«Сіздің  бір ауыз сөзіңіз  бір адамның өмірін сақтап қала алады» 

Жақында қазақтардың құқығын қорғағаным үшін, мені бір шовинист кудаламақшы болғанда, адвокат Бауыржан Азанов маған: «Мен сізді ақысыз қорғаймын!» -деді. Бауыржан өз елінің патриоты екеніне күмәнім жоқ, өйткені ол қазақ жерінің тағдырына алаңдаушылық білдіріп, маған талай жазды.

Бұл адвокат ОҚО-да орын алған, кішкентай бала үнемі  зорланған жағдайда да оған тегін көмек көрсетуге ниет білдіріп, сол шалғай жердегі ауылға барды, пресс-конференция да ұйымдастырды. Сонда Азановтың тек бір ғана мақсаты болды – қорғансыз баланының мүддесін қорғау.

Бірақ, белгілі себптермен, ол бұл мақсатын іске асыра алмады – керісінше қазір бұл адал адвокатқа қарсы ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес тергеу жүргізіліп жатыр.

Өкініштісі, Бауыржанның әріптестері де, қоғам да үн-түнсіз отыр! Көбі ең болмаса репост жасап, оны қолдап 5 сөйлем жазуға ерініп отыр! Білесіздерме, 37 жыл неге орын алды? Өйткені, осылай қоғам үн қатпай, қорқып: «Тек менен аулақ! – дегеннен болды! Дүниенің барлық зорлық-зомбылықтары сол адамдардың қорқақтығынан, енжарлықтарынан болады! Сіздің бір қимылыңыз, бір ауыз сөзіңіз бір адамның өмірін сақтап қала алады!

Егерде бүгін Сіз үндемесеңіз, ертең сіздің басыңызға күн туғанда, басқалар да үндемейді – соны ұмытпаған жөн!

Жұлдызай Форт,

Фейсбук парақшасынан




Осыған ұқсас:

  1. Жұлдызай Форт: Ана тілінде сөйлейтін қазақтардың мүддесін кім қорғайды?
  2. ҚАЗАҚТАРДЫҢ өз елінде ТІЛДІК ДИСКРИМИНАЦИЯҒА ҰШЫРАУЫ қашанға дейін жалғаспақ?!. (ВИДЕО)
  3. Әзімбай Ғали ұлтшылдар мен орыс тілділер арасындағы шайқаста кімнің жеңетінін айтты

Facebook арқылы пікір жазу



3 пікір жазылған

Пікір жазу
  1. 229549 6 Тамыз, 2018, 21:43

    Жаркент прокуроры мен сот төрайымы адал екендерін іспен дәлелдеді. Ал мына іс жүргізетін заң қызметкерлері қалай болар екен?

  2. Qulajan 8 Тамыз, 2018, 23:50

    Адвокат Бауыржанды қорғаймыз!

  3. Qulajan 8 Тамыз, 2018, 23:51

    ҚОРҒАНСЫЗ баланы ҚОРҒАҒАН Бауыржан Азановтың БІЗ ҚОРҒАУЫМЫЗ КЕРЕК !..

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.