Шығыс Қазақстанда тағы бір «Алтын адам» табылды-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Шығыс Қазақстанда тағы бір «Алтын адам» табылды

Дәл қазір Өскеменде Тарбағатай ауданының Елеке сазы жайлауында жүргізілген археологиялық зерттеулердің алғашқы нәтижелері БАҚ өкілдеріне таныстырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл – Шығыс Қазақстан жерінен табылған бесінші «Алтын адам». Қазба жұмыстарына жетекшілік еткен академик Зейнолла Самашев табылған «Алтын адамның» еш бүлінбегенін айтады. Барлық алтын бұйымдар сол күйінде сақталған.

«Бұл – біздің заманымызға дейінгі VIII ғасырға жататын Ерте сақ дәуірінің мұрасы. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамнан» да көне. Екеуінің арасында 3 ғасыр айырмашылық бар. Осылайша араға 50 жыл салып қазақ даласынан екінші рет тоналмаған «Алтын адам» табылды» – дейді археолог. 

Елеке сазында жерленген адамның жасы 16-17 жас мөлшерінде деген болжам бар. Оның қасына ересек адам қойылған екен. Археологтың айтуынша, ол қатты тонауға түскен.

«Ал бозбаланың мүрдесін тонаушылар байқамаса керек», – дейді ғалым.




Осыған ұқсас:

  1. Тарбағатайдан Алтын адам табылды
  2. «Алтын адам» табылған Шіліктіде шешілмеген мәселе көп
  3. Зейнолла САМАШЕВ: Берелде табылған жәдігер «Алтын адам» емес
  4. Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан Алтын адам табылды (ФОТО)
  5. Орал қаласында «Алтын адам» «қонақта» болды
  6. Есіктен табылған «Алтын адамның» есімі анықталды

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.