ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ электронды түрде ұсынылады

ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті талапкерлер мен ата-аналар! ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын 5 тамыз күні аяқтайды. Отырыстар қорытындысы бойынша білім беру гранттары иегерлерінің толық тізімі 6 тамыз күні сағат 10.00-де жарияланатын болады», - делінген ҚР БҒМ-ның Фейсбуктегі парақшасында.

Грант иегерлерінің тізімі келесі сілтемелер бойынша қолжетімді болады: egemen.kz, kazpravda.kz, testcenter.kz сайттарында немесе @testcenterBot телеграм боты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, білім беру гранттары иегерлерінің тізімі биыл электронды түрде жарияланады.

Тізімді жоғарыда көрсетілген сілтемелер бойынша өтіп, танысуға болады.