Абзал Құспан. Сайрагүл Сауытбай туралы не білеміз?

Сайрагүл туралы не білеміз? Ол - ана, ботақандары үшін Қазыбек Иса ағам айтпақшы, "Ұлы Қытай қорғанын бұзып келген, миллиардтардың бұғауын үзіп" жеткен Ана! Ал, одан басқа не білесіңдер? Мен айтайын Сіздерге.

Сайрагүлдің негізгі мамандығы - дәрігер! Қытай тілін өте жетік білгендіктен мектепке, кейін балабақшаға басшылық еткен.

Одан басқа, ол Қытайда қазақ тілінде шығарылған үш бірдей кітаптың авторы! Еңбектердің атауы "Қазақтың ырым-тиымдары", "Балаға жарайсың дей біліңіз." Сонымен қатар, өз мамандығына сәйкес, халықтық ем-домдармен байланыстыра отырып, медициналық бағытта және бір еңбегі жарық көрген! Олардың бәрі Қытай тіліне де аударылған екен.

Балаға ұлттық тәрбие беру мәселесі бізге де таңсық емес. Сондықтан бүгін Оралға қайтар алдында Сайрагүлмен кездесіп, біраз кітаптарымыздан табыс еттік.

Ал, өзі ертең тікелей эфир арқылы елге сәлемін жеткізбек екен. Сәуле Әбілдаханқызының парағынан көз жазбаңыздар!

Абзал Құспан, Қазақ үні