«Ордабасы» футболшылары 2,4 миллион теңге жалақы алатыны белгілі болды-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



«Ордабасы» футболшылары 2,4 миллион теңге жалақы алатыны белгілі болды

«Ордабасы» футбол клубының футболшылары мен қызметкерлері қанша жалақы алатыны белгілі болды.

Қаржы министрлігінің ақпаратына сүйенсек, «Ордабасыда» жылына орта есеппен 120 адам жұмыс істейді. Оған ойыншылар, клубтық және техникалық қызметкерлер кіреді. Жалақыға 2,3 миллиард теңге кететінін ескерсек,  орта есеппен бір адам жылына 19 миллион, яғни айына 1,5 миллион теңге алады. Әрине, жалақының басым бөлігі футболшыларға кетеді.

Prosports.kz ақпараты бойынша, ҚПЛ-да қазақстандық құжаты бар ойыншы орта есеппен айына 2,4 миллион теңге алады.

ОҚО статистика департаментінің ақпаратын қарар болсақ, оңтүстікқазақстандықтардың ай сайынғы жалақысы орта есеппен – 84 мың теңге. Яғни, «Ордабасыда» жалақы деңгейі нарықтағы бағадан тым жоғары.

2015 жылы әр қызметкер орта есеппен жылына 15 миллион, 2014 жылы 13 миллион теңге алған. 2013 жылы «Ордабасы» өзінің әр қызметкеріне орташа алғанда 9,1 миллион теңге жұмсаған. Яғни, жалақы деңгейі «Ордабасының» турнир кестесіндегі жағдайына байланысты өсе берген.

Дереккөз: sputniknews.kz




Осыған ұқсас:

  1. Әкім мас күйінде қызметтік көлікпен адам қағып кетті
  2. Нарқызыл атты Күзен батыр
  3. ОҚО-дағы шегірткенің жойылмай жатуына ІІ Николай патша кінәлі – бас агроном (фото)
  4. Дүйсенхан НАХЫМОВ: Қарапайым түріммен-ақ ұнайын, Ал кеудемде дауылым бар сұрапыл…

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.