Алматыдағы Орталық мешіт сүрілуі мүмкін

Мектеп маңында салынған мешіттер сүріледі, - деп хабарлайды tvk-uko.kz сайты.

Басылымның жазуына  қарағанда қазір мешіт салатын адамдардың біразы рұқсат алмайтындықтан заңсыз тұрғызылған мешіттердің саны артып жатқан көрінеді.

Қазақстанда сәуірде діни ғимараттардың құрылысын регламенттейтін жаңа нормалар қабылданды. Сол нормалар негізінде енді мектептен 300 метр аумақта орналасқан барлық мешіт сүрілмек.

Осы ақпаратты оқып отырып бізде бір  сұрақ туды. Алматыдағы Орталық мешіт пен №52  мектептің арасы 300 метрге толмайды.

Сонда мешіт сүріле ме, мектеп пе? - деп сұрақ қойды abai.kz тілшісі.