Қазақстандықтар 19 елге визасыз бара алады-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қазақстандықтар 19 елге визасыз бара алады

Қазақстандықтар 19 елге виза рәсімдемей-ақ бара алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан ұлттық жалпыазаматтық төлқұжат иелері үшін визалық талаптардан босату туралы 20 елмен екіжақты келісімдерге қол қойды», – делінген ведомствоның жауабында.

Атап айтқанда, оларға мына елдер кіреді:

1. Әзербайжан (30 тәулікке дейін);

2. Аргентина (30 тәулікке дейін);

3. Армения (90 тәулікке дейін);

4. Беларусь (90 тәулікке дейін);

5. Бразилия (30 тәулікке дейін);

6. Гонконг (14 тәулікке дейін);

7. Грузия (90 тәулікке дейін);

8. Корея (30 тәулікке дейін);

9. Куба (30 тәулікке дейін) – күшіне енген жоқ;

10. Қырғызстан (90 тәулікке дейін);

11. Молдова (90 тәулікке дейін);

12. Моңғолия (90 тәулікке дейін);

13. Ресей (90 тәулікке дейін);

14. Тәжікстан (30 тәулікке дейін);

15. Өзбекстан (30 тәулікке дейін);

16. Украина (90 тәулікке дейін);

17. Сербия (30 тәулікке дейін);

18. Түркия (30 тәулікке дейін);

19. Эквадор (30 тәулікке дейін);

20. БАӘ (30 тәулікке дейін).

Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі өз құзыреті шегінде тұрақты негізде елдің инвестициялық және туристік тартымдылығын арттыру және Қазақстан Республикасының визалық режімін қауіпсіз түрде ырықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда 45 елдің азаматы Қазақстанда күнтізбелік 30 күн мерзіміне дейін визасыз жүруге құқылы. Бұл елдерге Аустралия, Аустрия, Бельгия, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Грекия, Дания, Израиль, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Кипр, Корея, Латвия, Литва, Люксембург, Малайзия, Мальта, Мексика, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, БАӘ, Польша, Португалия, Румыния, Сингапур, Словакия, Словения, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Хорватия, Чехия, Чили, Швейцария, Швеция, Эстония, Жапония кіреді.

Дереккөз: ҚазАқпарат



Ілмектер:
визатуризмшетел

Осыған ұқсас:

  1. Бауыржан Байбек: Түркиядан гөрі Алматыда демалған әлдеқайда арзан
  2. Қазақстан 10 мемлекетпен визасыз режим орнатпақ
  3. Визасыз тәртібі бар елдердің тізімі жария болды
  4. Қазақстанда шетелдіктерге берiлген жер 300 мың гектардан асады
  5. Қазақстандық байлар $138 млрд сыртқа апарып тыққан
  6. Қадырбаев пен Тәжіаяқовқа қатысты сот отырыстары бөлек өтеді

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.