Алаш арыстары азапталған түрме мейрамханаға айналмақ-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Алаш арыстары азапталған түрме мейрамханаға айналмақ

Бүгін Алматыда тарихи ғимаратты қорғап қалу акциясы өтті. Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы бұрыңғы НКВД түрмесі болған кеңсе алдына оңдаған қоғам белсенділері жиналды. Бұл туралы Жас Алаш сайты хабарлайды. 

Шараға тарихшы Бейбіт ҚОЙШЫБАЙ, Саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы Жұмабек АШУҰЛЫ  бастаған азаматтар болды. Олардың айтуынша, Алаш арыстары соңғы рет тұрақтаған бұл ғимарат құнды. Және мемлекеттің қарауында болуы тиіс.   Қазір оны жеке кәсіпкер қонақ үй мен мейрамханаға айналдырмақ екен. 

«Естуімше бұл ғимарат Машкеивичтің меншігіне өтіп кеткен. Он үш жылдан бері осы үшін күресіп келе жатырмын. Жазбаған жерім жоқ. Соңғы жазғанымда: біріншіден, ие болып отырған қожайындарымен сөйлесіп мұның қандай ғимарат екендігін түсіндіру керек. Өз еріктерімен босатсын, оған көнбесе басқа бір ғимаратпен айырбастау керек. Ал оған да көнбесе сот арқылы алу керек. Сонымен енді сең қозғалған сияқты. Қазір мынаның ішін қиратып бұзып тастаған. Екі аптадан бері жөндеу жұмыстары тоқтатылды. Енді бір шешім күтіп отырмыз. Қайтады деген үмітіміз бар. Бірақ мұны біз қайтару үшін осы тарихи ғимаратты қорғап қалу акциямызды жалғастыра береміз. Егер осылай кете беретін болса ар соты мен тарих алдында кінәлі боламыз. Қазақ тарихын талан-таражыға салып, жын-ойнаққа айналдыруға болмайды», — дейді Жұмабек Ашуұлы. 

Қазір бұл ғимараттағы құрлыс жұмыстары тоқтап қалған. Бір қызығы рухани жаңғырып жатқан кезде бұл мәселе үкіметті айтпағанда жергілікті биліктің құлағына жетпей жатыр. Бұл тарихи ғимарат әзірге тек тарихшылар мен аттөбеліндей ғана қоғамдық белсенділерге ғана керек боп тұр.

«Бұл шынында да ұятты жағдай. Естуімізше асты ресторан, үсті қонақ үй болады деп жатыр. Бұл жерде Алаш ардақтыларының қаны төгілген жер. Мұнда Алаш қайраткерлері мен Желтоқсан құрбандарының музейі тұру керек. Біздің айтарымыз, мұны қайтарсын. Алаш азаматтары осында қорлық көрді, азапталды, тіпті, атылды. Бұл жер бізден кейінгі ұрпақтарға да аманат болып қалу керек. Жеке меншікке өткізіп жіберу, сатып жіберу – тәуелсіз Қазақстанға ауыр сын. Бұл үкіметке не қала әкімдігіне қайтарылсын. Мұнда барша қуғын-сүргін құрбандарының, Алаш қайраткерлерінің, Желтоқсан құрбандарының суреттері мен солардан қалған естелік бұйымдар тұруы керек. Үлкен мұражайға айналуы керек. Мұнда жеке меншік қонақ үйдің не ресторанның тұруына екі бастан қарсымыз!», — дейді «Желтоқсан ақиқаты» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы бойынша төрағасы  Ералы МӘМБЕТБАЕВ.

НКВД отырған бұл ғимарат 1934 жылы салынған. Бұл жерде 2003 жылы құнды деректер жиналған мұражай болған еді. Екі жылдан соң белгісіз жаңдайда жекенің қолына өтіп, жүздеген түрлі мекемелердің қарауында болды.




Осыған ұқсас:

  1. ІІД Алматыда киімсіз жүрген қызға қатысты түсініктеме берді (видео)
  2. Алматыда көлік қағып кеткен бала өзін әкесінің ұрғанын жоққа шығарды
  3. ШӘМШІГЕ АЛМАТЫДА НЕГЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛМАЙДЫ?
  4. Алматыда әкесінің мәйітін шығармақшы болған ер адам лифт шахтасына құлап кетті
  5. Алматыда дау: Грантқа ілінбеген түлектердің ата-аналары наразылық танытты (ВИДЕО)
  6. Алматыдағы Соқпақбаев атындағы мектептен жазушының есімі алынып тасталды

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.