"Бекзат Саттархановты білмейтін ұрпақ өсіп келеді" - Фазылбек Әбсаттарұлы

Өзіңнен туған балаларыңды алалай алмайтының секілді, халықтың ұлдарын да алалай алмаймын. Мен үшін Бекзат Саттарханов та Денис Тен де бірдей. Қоғамның екі түрлі реакция берген себебі, Бекзаттың кезінде əлеуметтік желі болмады. Сондықтан тұлғалардың жұмбақ жағдайда өлу - бұрыннан жалғасып келе жатқан дәстүрінің құрбаны болды. Тағы бір себебі, ол кездері қоғам қазіргідей ояна қоймаған еді. Əйтпесе Денис Тенге көрсетіліп жатқан құрметтер: футбол матчтарында 1 минут үнсіздік, барлық қалаларда еске алу, қоштасулар өтуі, ақпарат құралдары көңіл көтеретін бағдарламаларды алып тастау, тб. Осылардың көбі Бекзатқа көрсетілмеді. Қоштасуына 10 мың адам жиналмады, Денистегі сияқты. Астана, Алматы қалаларындағы спорт сарайларына Денис Теннің атын беру ұсынылып жатыр. Ал Бекзатқа ұсынылмады... Бұл жерде халқымыз екеуін алалады деген сөз емес. Əлеуметтік желінің күшін көрсетеді, қоғамдық сананың өскендігін білдіреді. Əйтпесе Денис Тенге жасалған қастандық алғаш емес. Талай чемпиондарымыз қастандықтың құрбаны болды... Балалармен жұмыс істеп жүргендіктен айта аламын, қазір Бекзат Саттархановты білмейтін ұрпақ өсіп келеді. Соларға айтарым, Бекзат Саттарханов 20 жасында Олимпиада чемпионы болған. Қазақстанның спорт тарихын төңкерген. 20 жаста чемпион болу ойына кіріп шықпаған халықтың санасында сілкініс жасаған. 20 жасында жұмбақ жағдайда көз жұмды... Бекзат туралы қанша кітап шықты жəне шыға беретін қазына...

Фазылбек Әбсаттарұлы, Фейсбук парақшасынан