Денистің өліміне күдікті Нұралы Қиясовтың бұрыңғы сүйіктісі сұхбат берді

Денис Теннің өліміне күдікті Нұралы Қиясовтың бұрынғы сүйіктісі оның өмірі мен отбасы туралы айтып берді, деп хабарлайды «NewTimes.kz».

«Мен оны 10 жылдан аса уақыт білемін, біз бірге өстік. Ашық-жарқын, ақкөңіл, ауқатты отбасынан шыққан адамның осындай әрекетке баратынына сенбеймін. Оның анасы мектепте жұмыс істейді. Үлкен ағасы фермерлік шаруашылықпен айналысады, ал кішісі университетте оқиды. Оның ата-анасы бар, толыққанды отбасынан шыққан. Оның араласатын ортасы жақсы адамдар. Ол Меркі ауданындағы мектеп пен колледжді бітірген», — дейді Айнұр Ишим.

Бойжеткеннің сөзіне қарағанда Нұралы Қиясовтың ата-анасының жеке шаруашылығы бар, бірақ ажырасқан. Қиясовтың әкесі басқа әйелге кетіп қалған.

«Полицейлердің өзінің әдістері бар. Мүмкін қорқытқан шығар, мүмкін тағы да басқа себебі бар. Ортақ достарымыз өте көп. Біз оның бұл іске қатысы жоқ деп ойлаймыз. Ол видеоға кездейсоқ түсіп қалған.

Халықтың шуын басып, тыныштандыру үшін оны мойындауға мәжбүр етті, деп ойлаймыз», – дейді бойжеткен.

Бойжеткен Қиясовтың Алматыға 18 жасында келгенін, экспедитор, тауарлық кеңесші болып жұмыс істегенін айтты.

«Ол келіп, кетіп жүрді. Колледж бітіріп, Алматыға кетті. Жарты жылдан соң қайтып келіп, бір жыл бойы ауылда болды. Содан кейін оны Алматыға жұмысқа шақырды», — деп есіне алды А.Ишим.

Оның бұрын істі болғанын Айнұр Ишим білмейді екен.

«Оның көлік жүргізу куәлігі болғанын білемін. Оны куәліктен үш жылға айырғанын да білемін. Бірақ сотқа тартылғаны туралы білмеймін», – деп таңғалды Айнұр.

Екеуі соңғы рет бір ай бұрын сөйлескен.

Дереккөз: kaz.365info.kz