МҰЗ ҮСТІНДЕ БИЛЕГЕН МҰЗБАЛАҚ ҰЛ ЕДІ...

 
АДАМ ӨЛТІРГЕН КӨЛІК АЙНАСЫ - БҮГІНГІ ҚОҒАМ - ӨМІР АЙНАСЫ! Мұз үстінде билеген мұзбалақ ұл Өмір мұзайдындай теп-тегіс емес екенін білмеді.... Мұзжүректер қолынан қапыда қаза тауып, қыршын кетті... Өрімдей жас еді.... Өлім түгілі ұрсуға қимайтын жаны да, тәні де нәзік болмысты, жайдары да жайсаң ұл еді Денисжан! "Мен Қазақпын!"-деп, әдемі жымиып тұратын оғланға қарап оны өзге ұлт өкілі деп ешкім ойламайтын. Ол Қазақстаннның Көк туын көкке талай көтерген көкөрім Олимпиада жүлдегері, әлемдік аламандардың чемпионы еді... Кешелі-бері  қайғырып жатқан  елге қарап, Денистің  бүкіл халықтың ұлына - Қазақтың ұлына айналып кеткеніне куә болдық.   Жаңа ғана сонау Түркістан облысы Жетісай ауданы  Нұр ауылының биі Шәрипа Әлиханова апайымыз телефон соқты.  "Мынау бір ауыр қайғы болды ғой, содан бас көтере алмай жатырмын"- деп, зорға сөйлеп тұр.  Қазір ғана жедел жәрдем шақырып, ем жасап кетіпті...  "Алматыға хабарласып, ешкімді таба алмай жатырмын. Біздің атымыздан  Денистің қоштасуына барып,  гүл қойсын деп едім" - дейді қазақ ақындарын жатқа оқитын қайран апайымыз... Өкініш өзек өртейді! Денистің әке-шешесіне, отбасына, туған-туыстарына, елге көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болсын! Қазыбек ИСА "Қазақ үні" газеті Qazaquni.kz