"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНА АРНАЛҒАН ПӘНДІ ЕНГІЗУ ҰСЫНЫЛДЫ

Парламент Мәжілісінің депутаттары Ерлан Барлыбаев және Берік Дүйсембинов аймақтарға жұмыс сапары аясында сайлаушылармен кездесіп, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты.

«Ақ жол» партиясының халық қалаулылары Семей қаласында орналасқан «Селикат» зауыт басшыларымен кездесіп, өндіріс ошағының жұмысын көріп, зауыт басшылары кәсіп­орынға қатысты мәселелермен ой бөлісті.
Келесі кездесуде Семей қалалық кітапханасында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында атқарылатын істер талқыланды. Б.Дүйсембинов Елбасы­ның ұсынысымен қабылданған бұл бағдар­ламаның Абай елінде Алаш орданың астанасы болған Семей шаһарында қарқынды жүруі қажет екендігін айтты.
Е.Барлыбаев өзінің аталары­ның Алаш қозғалысына қатысып, 1937 жылдары репрессия құр­баны болғандығын әңгімеледі. Семей­ліктер атом сынақ палигонына қатысты заңға өзгеріс­тер мен толық­тырулар енгізудін қажеттілігін, Ұлы Абайдың 175 жылдық тойына қатысты Үкімет қаулысының қабылдануын, мектептерде Алаш қозғалысына қатысты арнайы пәннің өтуі туралы ұсыныстарын білдірді.

«Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық
филиалы

qazaquni.kz




Осыған ұқсас:

  1. Астана маңындағы ауыл тұрғындарының да жақсы өмір сүруге толық құқықтары бар – Берік Дүйсембинов
  2. «Ақ жолдықтар» Президенттің әлеуметтік бастамаларын талқылады
  3. «Ақ жол»- «Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту туралы» заң жобасын дайындау керек!
  4. Депутат жыл сайын Мағжан оқуларын өткізуді ұсынды
  5. Берік Дүйсенбинов, депутат: Парламентке ақша табайын деп келген жоқпын
  6. Министрге сенсек енді 40 жыл ауыз суға зар боламыз

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.