ТҮЙЕНІҢ ҚҰМАЛАҒЫНДАЙ БҰРШАҚ ЖАУДЫ (ВИДЕО)-Қазақстан жаңалықтары

"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



ТҮЙЕНІҢ ҚҰМАЛАҒЫНДАЙ БҰРШАҚ ЖАУДЫ (ВИДЕО)

 

Кеше 15 шілдеде, күн түстен ауып, екіндіге еңкейген уақытта түйенің құмалағындай тас бұршақ екі ауылды жапты да қалды. Қазақстанның бір шетінде бұлай бұрқасындатып бұршақ жауғанын ешкім біле қойған жоқ. Бұршақ Алматы облысының жазиралы Жаркент өңіріндегі қоңырсалқын Қоңырөлең ауылы мен Бөрібай би (Сәтті жол) ауылында жауды.

Бір сағат бұрын ауыл сыртындағы бауда болып, өрік теріп жеген біз Берік досымыздың жайлауына – фазендасына шығып кеткен едік. Бес шақырымдай тау етегіндегі биікте етектегі ауылды қалың нөсер қалай ұрғанын тамашалап тұрдық. Біз тұрған жерге бір қызығы, тамшы да тамған жоқ, кемпірқосақты қызықтап жүрдік.

Шілденің қақ ортасында осындай зор бұршақ жауғанын кім көрген?!.

Қаныш Жарылқасын

qazaquni.kz

 




Осыған ұқсас:

  1. Абзал Құспан: Сайрагүл Қытайға қайтарылады деген қауіп жоқ (ВИДЕО)
  2. Ғажайып ғимарат сыры
  3. Дәнеш мұрасы бүгінгі және ертеңгі ұрпақтың еншісінде
  4. АСТАНАДАҒЫ АЛАШ АТАУЛАРЫ

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.