Әкесі 13 жасар қызына тиіскен ер адамды жұрттың көзінше піштірді (ВИДЕО)

Түркияның астанасы Анкара қаласында жантүршігерлік оқиға болды. Әкесі қызына тиіскен ер адамның жыныс мүшесін пышақпен кескілеп тастады, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Түркияның hurriyet.com порталының хабарлауынша, белгісіз ер адам дүкенде 13 жастағы қызға тиіскен. Қыз болған жайды бірден әкесіне айтқан. Әкесі бейнебақылау камераларынан ер адамның түрін көріп, оны іздеуге шыққан. Күдіктінің бір сауда орталығының алдында кетіп бара жатқанын көрген ол жігітті бір ұрып, жерге құлатады. Қалтасынан пышағын алып шығып, оның жыныс мүшесін бірнеше жерден кескілейді.

Қыздың әкесі полицияға өзі беріліп, кінәсін мойындады.

Піштірілген ер адам ауруханаға жеткізілген. Қыздың әкесі ұсталды, тергеу жұмыстары басталды.

Кішкентай қызға тиіскен ер адам ауруханада бір күн жатып, ертесіне сотқа жеткізілді.