"Құлдық жойылғанына 25 жыл болса да, әлі сол қожайынның тілінде сөйлейміз"

Қожайын және қожайынның тұқым-тұқиясы ешқашан құлдардың тілінде сөйлемейді. Керісінше, құлдар өз дәрежесін басқа құлдардың алдында көтеру үшін қожайынның тілінде сөйлеуге талпынады. Австралиядағы аборигендер, Жаңа Зеландиядағы маорилер, Америкадағы үнділер, Латын Америкадағы ацтек-майялар, Африкадағы Нигерия, Камерун, Мозамбик тайпалары - барлығы өз тілдерін ұмытып, ежелгі қожайынның тілінде сөйлеп жүр. Құлдық жойылғанына 100 жылдан асып кетсе де, егеменділіктерін алса да, көптеген елдер "элиталық" тілді таңдады.

Енді өзіміздің территориямызға келсек, біз де 257 жыл бойы Ресей Империиясының езгісінде болдык, біздің де арамыздан қожайынныңтілін білгендер озып шыкты, ондайлар қожайынға жакын болып, қожайын сондай "жақын" құлдарға басқа құлдардың үстінен билік беріп койды. Біздің де құлдық жойылғанына 25 жыл болды. Алайда, біз әлі де сол қожайынның тілінде сөйлейміз.

Қожайынның мектебі бар, құлдардың мектебі бар. "Акылды құлдар" балаларын қожайынның мектебіне бергісі келеді. Қожайынның тілін білмесең, сені бірде бір мекеме жұмыска алмайды. Банк, Университет, Әкімшілік - барлык жерде кез-келген кағаздың өзі кожайынның тілінде жазылған. Кафе, кинотеатр, нотариус, парк, ұшақ, темір жол - барлығында қожайын тілі үстемдікті ұстап тұр.

"Мен құл болсам да, балам құл болмасын деген ой кайда?"

Бектібай Жайсаңбаев, Қазақ үні