Мырзан Кенжебай: Үштұғырлы емес, екі тілдің өзі - ұлтты жоюдың жоспары

Белгілі әдебиет сыншысы Мырзан Кенжебай Қазақстандағы сөз бостандығы, үштұғырлы тіл мен мәңгүрттікке қатысты өз ойларымен бөлісті.

- Үштұғырлы тіл емес, екі тілдің өзі - ұлтты жоюдың жоспары. Бұл қазаққа қарсы жасалып жатқан қатерлі нәрсе, - деді ол  365info.kz  порталына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, әдебиет сыншысы кезінде Иманғали Тасмағамбетовтың Алматыда іс қағаздардың бәрін қазқшаландырам дегенде Олжас Сүлейменов бастаған топтың қарсы шыққанын да тілге тиек етті.

- Ислам Кәрімов бірде Қазақстанға келгенде "Сендерде бәрі орысша ғой" деп күліпті. Сонда бір шенеунігіміз "Біз қазақ тілін дамытуға бәленбай миллион бөліп жатырмыз" деген екен. Кәрімов "Ұлттық тілді дамытуға ақшаның не керегі бар, заң бар емес пе?!" деп күліп жауап берген деседі, - деп атап өтті М. Кенжебай.