"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Ким Чен Ын әйгілі генералды атып тастады (ВИДЕО)

Ал ендеше! Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын генерал-лейтенант Хён Чу Сонды жазалау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Daily Mail.

Сөйтсек офицер өз әскерлеріне қосымша тамақ тарату туралы бұйрық беріпті.

Қолбасшыға ату жазасы шығарылыпты. Жазалау Пхеньяндағы академиялардың бірінің аумағында жүзеге асырылған.

Атап айтарлығы, генералды ату өлім жазасына кесілген 9 сотталушыға жүктеліпті. Олардың әр қайсысы генералды 10 реттен атқан.

Хён Чу Сонға «өкілетін асыра пайдаланды» және «партияға қарсы қызмет етті» деген айып тағылыпты.

Белгілісі, генерал Сохэ зымыран айлағындағы әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына қосымша бір тонна отын (жанар-жағар май), 580 килограмм күріш және 750 килограмм жүгері жіберу туралы нұсқау берген.

Басылымның дерекөзінің айтуынша, мұны естіген Ким Чен Ын ызадан булығып, жарыла жаздапты. Ол генералды атып тастау туралы бұйрық беріп, бұл — «идеологиялық уландыру» депті.

Дереккөз: kaz.365info.kz 




Осыған ұқсас:

  1. АҚШ және Солтүстік Корея басшылары алғаш рет қол алысты (ВИДЕО)
  2. Ким кездесуге мініп баруға Трамптың автокөлігіне теңдесетін көлік іздестіруде
  3. Солтүстік Корея ядролық сынақтардан бас тартатынын мәлімдеді
  4. Трамп пен Ким Чен Ын Астанада кездесуі мүмкін бе? – сарапшы пікірі
  5. Ким Чен Ын Трамптың БҰҰ-дағы сөзін соғыс жариялау деп ұқты
  6. Трамп КХДР-ды «толықтай жойып жіберемін» деп мәлімдеді

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.