"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Қазақстанда 5 мың адамды түрмеден босатады

ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров қылмыстық саясатты гуманизациялау шаралары туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауы аясында қылмыстық саясатты гуманизациялау жұмысы күшейді. Осы орайда арнайы заң жобасы да даярланды. Оған сәйкес, 260 қылмыс бойынша қоғамдық жұмыс және бас бостандығын шектеу сияқты жаза енгізіледі. Ал 36 қылмыс бойынша айыппұлдың көлемі төмендейді. Бұдан бөлек, бас бостандығынан айыру мерзімі қысқаратын болады.

«Сосын аса ауыр қылмыстар бойынша жазаға тарту мерзімі 5 жыл деп белгіленіп отыр. Осының негізінде 5 мыңға жуық сотталған адамды босатуға болады. Мемлекет басшысы ол заңға қол қойды», – деді Қ.Қожамжаров бүгінгі алқа мәжілісте.

Айта кетейік, алқа мәжілісі кезінде ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Мерзадинов аталған оқу орнының кемшін тұстарын жариялады.

Оның айтуынша, академия қызметкерлерінің кәсіби дайындығын жан-жақты тексеріп шығу қажет. Себебі мамандардың ауысуы жиілеп кетті. Үш жылдың ішінде аталған көрсеткіш 60 процентті құрады.

«Еңбек тәртібі осал. Әрбір екінші қызметкер «больничныйда» жүрді. Ал кейбір қызметкерлер бір жылда екі рет емес, 8-10 рет «ауырып» шығады. Бұның барлығы күнделікті нәрсеге айналды. Сосын академияда үш жыл істесе, кіретін есікті де білмейтін қызметкерлер бар», – деп атап көрсетті Е.Мерзадинов.




Осыған ұқсас:

  1. Талғарда жарымжан баланы азаптап өлтірген келіншек жазаны естігенде жылап жіберді
  2. Қылмыс әлемінің серкесі болған Сары Алмастың қызы алғаш рет сұхбат берді
  3. Қостанай облысында 17 жастағы жігітті зорлаған күдіктілер қамауға алынды
  4. Халықаралық іздеу жарияланған Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды
  5. Түркістанда терроризмді нәсихаттады деген күдікпен 2 адам ұсталды
  6. Есік қаласындағы атыс: Полиция майорынан бөлек тағы бір адам көз жұмған


Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.