Ресейді жеңген Хорватия құрамасының ойыншысы "Украина жасасын!" жеп жар салған

Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) Хорватия ұлттық құрамасының қорғаушысы Домагой Вида мен команданы жаттықтырушылар тобының мүшесі Огнен Вукоевичтің әлем чемпионаты матчында Ресей футболшыларын жеңгеннен кейін Украинаның атына мадақ айтқаны жазылған видеоны зерттеп жатыр.

Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Ресей мен Хорватия командалары ширек финалда кездескеннен кейін әлеуметтік желілерде жарияланған видеороликте Вида "Украина жасасын! (Слава Украине!)" деп айғайлайды. Оны іліп әкеткен Вукоевич: "Бұл "Динамо" мен Украина үшін жеңіс... Алға, Хорватия!" дейді.

Ресей құрамасымен кездесудің қосымша уақытында және ойын жеңімпазын анықтаған пенальти тағайындалған кезде бәсекелестің қақпасына доп салған Виданы FIFA жазалауы ықтимал. Әлем чемпионатындағы саяси іс-қылығы үшін оған айыппұл салуы немесе ойындардан шеттетуі мүмкін.

"FIFA аталған матч туралы түрлі хабарларды, сонымен бірге сіздің хабарламаңызда айтылған мәселеге қатысты ықтимал айғақ-дәлелдерді зерттеп жатыр", - деп мәлімдеген халықаралық футбол ұйымы видео туралы сауалға жауабында. "Біз ақпаратқа баға бермейінше, комментарий айта алмаймыз", - делінген хабарламада.

Ресейге 2014 жылы Украина құрамындағы Қырым түбегін аннексиялап алғаны және Украинаның шығысындағы қарулы сепаратистерге қолдау көрсеткені үшін халықаралық санкциялар салынған. Вида мен Вукоевич бұған дейін Киевтің "Динамо" клубында бірге ойнаған.