"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



Сарыағаш ауданында өртенген көлік ішінен үш жасар баланың денесі табылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жемісті ауылында төрт үй өртеніп кетті, үй аулаларының бірінде тұрған өртенген көлік ішінен үш жасар баланың денесі табылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.

Оқиға 6 шілдеде болған. Өрт туралы хабар жергілікті уақыт бойынша 13.23-те түскен.

«Үй аулаларының жабық ауласында ВАЗ-2106 көлігі өртенген, оның салонында 2015 жылғы бала өлі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Өртенген үш үйдің аумағы 436 шаршы метр, төртінші үйдің шатыры өртенген, оның ауданы – 96 шаршы метр. Өрт 14.43-те ауыздықталып, 16.03-те сөндірілген. Оқиға орнында 17 қызметкер мен үш дана техника жұмысқа тартылған.

tengrinews.kz




Осыған ұқсас:

  1. «Өрт қалаға кіріп кетпесін деп жанталастық»: Семейдегі өрттің себептері айтылды
  2. Астанадағы өртенген үйде қасиетті Құран ғана жанбай қалған (видео)
  3. Алматыдағы өрт: Байбек көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіруді тапсырды
  4. «Ақ жол» партиясының депутаттары өңірлердегі ойын-сауық орталықтарының өрт қауіпсіздігін тексерді (ФОТО)
  5. Кемероводағы өрттен кейін Аман Төлеев отставкаға кетті
  6. Бас прокуратура елдегі барлық сауда нысандарын тексеруді тапсырды


Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.