"ҚАЗАҚ ҮНІ" - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҮЗДІК ИНТЕРНЕТ САЙТ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ!!!



ШИРЕК ФИНАЛ ШИЕЛЕНІСТІ БОЛМАҚ

Футболдан Ресей жерінде өтіп жатқан әлем чемпионаты шешуші кезеңге бет бұрды. Алғашқы айналымдарда жеңілген командалар еліне қайтса, Англия, Бразилия, Бельгия, Франция, Швеция, Ресей, Уругвай, Хорватия құрамалары ширек финалда өзара күш сынасатын болды.

Тартысты доп додасы биыл тосынсыйға толы болғанын алдымен атағанымыз жөн. Футбол десе ішкен асын жерге қояр әлемдегі миллиондаған жанкүйерлер жүйкесіне аз салмақ түскен жоқ. Көріпкелдігімен танылып жүрген белгілі мамандардың өзінің болжамдары айдалада қалды. Басты үміткерлер саналатын саңылақ командалар сүрініп-шалынып ширек финалға жете алмай алыстан атшаршатып келген мыңдаған жанкүйерлерін жерге қаратты. Әлем чемпионы Германия футболшыларының дәп биылғыдай мұндай мүшкіл күйін ешкім көрмеген шығар. Ойынның соңғы секундына дейін тынымсыз жүгіретін, шаршап-шалдығуды білмейтін атақты германиялықтар әлем алдында өздерінің шарасыздықтарын көрсетті. Оңтүстік Корея футболшылары 2-0 есебімен ойсырата ұтып, «неміс машинасының» үнін біржолата өшірді. Леонел Мессидей марғасқасы бар Аргентина құрамасы да ширек финалға шыға алмады, олардың жолын француздар кесті. Әлемнің әйгілі футболшысы Диего Мародонна арнайы келіп жанкүйер боламын деп жүрегін ауыртып, «жедел жәрдем» шақыртуға тура келді. Былғары доптың білгірі испандықтар да орыстарға жол берді. Футболдың атасы саналатын ағылшындар болса колумбиялықтарды пенальти арқылы зорға ұтып, ширек финалға шаршап жетті.
Ия, футболдың аты – футбол! Доп – дөңгелек, оның қайда домаларын дөп басып, алдынала айту мүмкін емес. Ширек финалда шоқтығы биік тұрған бес дүркін әлем чемпионы Бразилияны да қалған сегіз команданың ішінен сытылып шығып, биыл чемпион болады деп болжам жасаудың өзі қиын. Әлемдік доп додасының ширек финалы шиленісті болары анық.

qazaquni.kz



Ілмектер:
ресейфутбол 2018

Осыған ұқсас:

  1. «Астана Арландарының» бас бапкері: Өзбектің қолын көтергенде үстімнен мұздай су құйып жібергендей болды
  2. «Канеломен» жекпе-жектен кейін дәрігерлер Головкинге 8 тігіс салған
  3. Головкин “Канелодан” жеңілісіне қатысты пікір білдірді
  4. Головкин Альварестен жеңіліп қалды
  5. Илья Ильин: «Көп іштім, өлгім келді»
  6. «Астана» капитаны «Вуэльта» көпкүндігінің қатарынан екі кезеңінде екінші орын алды

Facebook арқылы пікір жазу



Пікір жазылмаған

Пікір жазу
Әлі ешкім пікір жазған жоқ! Бірінші болып пікір жазыңыз!

Пікір жазу үшін тіркеліңіз немесе кіріңіз.